26.05.2015, 12:42 3756

Авиатор қыз-келіншектер Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлеріне сыйлықтар табыстады

ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштері 21140-Б әскери бөлімініӊ әйелдер кеӊесі бөлім командирініӊ тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі командирініӊ орынбасары подполковник Дулат Нұразхановтыӊ басшылық етуімен соғыс ардагерлері Асан Медетбеков пен Өтепберген Мұстафинді құттықтады

Астана. 26 Мамыр. Kazakhstan Today - ҚР ҚК Иуе қорғанысы күштері 21140-Б әскери бөлімініӊ әйелдер кеӊесі бөлім командирініӊ тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі командирініӊ орынбасары подполковник Дулат Нұразхановтыӊ басшылық етуімен соғыс ардагерлері Асан Медетбеков пен Өтепберген Мұстафинді құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сұрапыл соғыс пен сынақтан өткен майдангерлер жас ұрпақпен өздерініӊ естеліктері туралы сыр шертті. 1920 жылы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Зерказ ауылында дүниеге келген Асан Медетбеков Башқұртстанда соғысқа қатысып, сержант атағын алды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Өтепберген Мұстафин 1926 жылы Қостанайда туылып, 2-ші Белорус майданыныӊ құрамында старшина атағында соғысты.

Ардагерлер соғыстыӊ қиын-қыстау күндері, біздіӊ жауынгерлердіӊ ерлігі, сол уақыттыӊ ауыртпалықтары мен шайқастарда жеӊіске жетудіӊ қиындықтары туралы әӊгімеледі. Ардагерлер шайқас алаӊынан оралмаған, бомба тастау кезінде және фашистік басқыншылардыӊ қолынан ажал құшқан туған-туысқандарын еске алды. Лейтенант Альфия Михалева мен кіші сержант Сәлима Жұматаева майдангерлерге сыйлықтар табыс етті, сондай-ақ дәстүр бойынша оларға майдандық жөн-жоралғылар жасады.

"Ардагерлердіӊ тума-туыстары әрқашан жанында. Біздіӊ әскери қызметшілердіӊ келуі оларды өте қуантты. Жүздері жарқырап, кездесудіӊ соӊына дейін екі езулері жиылмады. Соғыс жылдарындағы естелік әӊгімелері өткен өмір шежіресі туралы хикая секілді. 70 жыл өтсе де, ардагерлер қазірдіӊ өзінде ажал құшқан қаруластарымен жаны бірге сияқты сыр шертеді. Бәрі кеше болғандай көрінеді. Соғыстыӊ барлық қиындықтары туралы бүкіл ғұмырдыӊ өзі жетіспейді-ау сірә", - деп, подполковник Дулат Нұразханов атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны