09.04.2013, 12:58 3458

Австралияда қазақстандық студент қызды өлтірген адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Джаккапонг Джиттавечке Австралия соты шығарған үкімді тыңдауға Сағынайдың анасы мен ағасы да қатысты, деп хабарлайды News.com.au. Олар кішкентай Мануэлдің өз анасының суретіне қарағандағы көзқарасын көргенде жүрегіміз қан жылайды дейді. Еске сала кетсек, осы қанды оқиғадан кейін сәби Қазақстанға жеткізіліп, Сағынайдың анасына тапсырылған болатын Ал Джаккапонг Джиттавеч ештеңеге қарамастан, баланы өз қарауына алуға тырысып баққан.

Астана. 9-сәуір. Kazakhstan Today - Австралияда қазақстандық студент қызды өлтірген адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, бұл жантүршігерлік оқиға 2011 жылы болған. Джаккапонг Джиттавеч пен Сағынай Батырханова Брисбен қаласындағы Гриффинг университетінде бірге оқыған. Екеуінің арасында махаббат оянып, Сағынай Мануэль атты ұлды дүиеге әкеледі. Бірақ бұл қуаныштан кейін үш ай өткен соң Сағынай жауыздықпен өлтіріледі.

Джаккапонг Джиттавечке Австралия соты шығарған үкімді тыңдауға Сағынайдың анасы мен ағасы да қатысты, деп хабарлайды News.com.au. Олар кішкентай Мануэлдің өз анасының суретіне қарағандағы көзқарасын көргенде жүрегіміз қан жылайды дейді. Еске сала кетсек, осы қанды оқиғадан кейін сәби Қазақстанға жеткізіліп, Сағынайдың анасына тапсырылған болатын Ал Джаккапонг Джиттавеч ештеңеге қарамастан, баланы өз қарауына алуға тырысып баққан.

Сотта мемлекеттік прокурор Дэвид Мередит болған оқиғаның деректерін келтірді. Анықталғандай, Джаккапонг Сағынайға пышақ салып, оны өлтірген сәтте кішкентай Мануэль дәл жанында болған. Сондықтан қылмыскердік тек өзіндегі ғана емес, балаға да жұғып қалған қанды жууына тура келген. Сондай кейін кісі өлтіруші Таиландқа билет алуға барады. Бірақ кассада Мануэльге билет рәсімдеуден бас тартады. Сол кезде Джаккапонг баланы жергілікті будда ғибадатханасы монахтарының тәрбиесіне бермек болады. Сөйтіп ол оқиға орын алған үйдің маңында жүрген полицейлерге келіп: "Мен сендердің жұмыстарыңды жеңілдетейін. Мен оны өлтірдім. Ол үйде" деген.

Джаккапонг тәртіп сақшыларына оны қылмысқа не итермелегенін айтқан. Оның айтуынша, қайғылы жағдайдан көз жұмған Таиландтағы әкесінің бейітіне барып қайтпақ болады. Ал қалыңдығы олай жасайтын болса, енді өз баласын ешқашан көрмейтінін айтқан. Осы жерде айта кетерлігі, Джаккапонгтың ол уақытта Таиландта заңды әйелі мен ортақа баласы болған. Тайлық Сағынайды өлтіруді шамамен 4-5 апта бойы ойластырғанын мойындаған.

Дэвид Мередит көз жұмардан бір күн бұрын Сағынай анасына қоңырау шалып, баламен бірге Отанына қайтқысы келетінін айтқан. Мемлекеттік прокурордың айтуынша, Сағынай азаматтық некедегі күйеуі Мануэльді Таиландтағы ата-анасына алып кетуі мүмкін деп сезіктенген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны