12.07.2011, 18:45 3449

Австрияда Рахат Илиевке қатысты қылмыстық іс қозғалды

"Австрия прокуратурасы Қазақстан өзінің бұрынғы елшісі Рахат Илиевті айыптап отырған қылмыстық оқиғалар бойынша тергеуді бастады. Бұған дейін Вена бірнеше мәрте Илиевті тапсыру жөніндегі Астана ұсынысын қабылдамаған еді", - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Алматы. 12 шілде. Kazakhstan Today - Австрияда Рахат Илиевке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Германияның халықаралық Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Австрия прокуратурасы Қазақстан өзінің бұрынғы елшісі Рахат Илиевті айыптап отырған қылмыстық оқиғалар бойынша тергеуді бастады. Бұған дейін Вена бірнеше мәрте Илиевті тапсыру жөніндегі Астана ұсынысын қабылдамаған еді", - деп хабарлайды Deutsche Welle.

Wiener Zeitung басылымының ақпаратына сәйкес, Венадағы Иділет министрлігінің өкілі Кристиан Пилнацек дүйсенбі күні істің өткен аптада қозғалғанын мәлімдеген.

Қазақстанның Бас прокуратурасы мамыр айында өліміне Р. Илиевті айыптап отырған "Нұрбанктің" бұрынғы екі топ-менеджерінің мүрделерін тапқаны жайлы жариялағанда Австрия билігі экс-елшіні еліне қайтарудан бас тартқан болатын. Алайда, марқұм топ-менеджерлердің жесірлерінің қорғаушысы Габриэль Ланскидің (Gabriel Lansky) айтуынша, неміс мамандары жүргізген сот сараптамасы куәгерлердің түсініктемелерін растап қана қоймай, қылмыскерлерге тікелей жол көрсетіп отыр. Бұл Австрияның әділет органдарының Илиевке деген көзқарастарын өзгертуі ықтимал. Бұған дейін Лански Илиевтің қылмыстарының 3-4 қатысушысы Австрияда өмір сүруде деп мәлімдеген болатын. Жаңа мәліметтер мен Австрия прокуратурасының белсенді іс-әрекеттері оған істің таяуда ашылатынына үміт сыйлап отыр.

Ал ендігі жерде Австрияның Der Standard басылымының жазуынша, Р. Илиев Австрия аумағын баяғыда тастап кеткен. Оның болуы мүмкін мекені ретінде Мальта аталуда. Алайда, бұрынғы елшінің қорғаушылары болса, оның "қай құрлықта жүргенінен де хабарсыз".

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 15 маусымда ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі Жолдас Теміралиев пен Айбар Хасеновтің өлтірілуі оқиғасы бойынша қылмыстық істің соңғы нәтижелерін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырған болатын.

ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бас прокурор Асхат Дауылбаев пен ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мемлекет басшысын "Нұрбанк" басқарма төрағасының орынбасары Ж. Теміралиев пен әкімшілік-шаруашылық басқармасының бастығы А. Хасеновті өлтіру оқиғасы бойынша қылмыстық істің қорытынды тергеу нәтижелерімен таныстырған.

Теміралиев пен Хасеновке қатысты 2007 жылы жасалған қылмыстың жай-жапсарын мемлекет басшысына А. Дауылбаев таныстырған.

Оның айтуынша, топ-менеджерлер Р. Илиев, В. Кошляк және басқа да тұлғалар басқарған қылмыстық топ тарапынан мүліктерін бопсалау мақсатымен ұрланған. Оларды бастабында Илиевтің Алматы қаласындағы резиденциясында ақыл-естен алжастыратын заттарды да пайдалану арқылы қинаған. Кейін Теміралиев пен Хасеновті Ремизов аңғарына апарып, буындырып өлтірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны