10.01.2013, 12:49 3093

Автокөлікті тіркеу және өзге де қызметтерді автоматтандыру азаматтардың жол полициясы қызметкерлерімен байланысын барынша азайтады - Н.Назарбаев

ХҚО-ты аралау кезінде Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстан Президентіне автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру міндетін ХҚО-ның басқаруына беру жөніндегі жұмыс барысы, сондай-ақ жаңа рәсімнің негізгі ерекшеліктері туралы баяндады.

Астана. 10-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының Алатау ауданындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

ХҚО-ты аралау кезінде Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстан Президентіне автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру міндетін ХҚО-ның басқаруына беру жөніндегі жұмыс барысы, сондай-ақ жаңа рәсімнің негізгі ерекшеліктері туралы баяндады.

Мамандандырылған ХҚО-ның ғимаратында автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін ресімдеу жөніндегі операциялық залдар, емтихан өтетін сынып, дайын құжаттар беру секторы, жол полициясы қызметкерлерінің кабинеті, көлік құралдарын тіркеу куәліктері мен жүргізуші куәліктерін дайындайтын бөлме орналасқан.

Бизнес-процестерді автоматтандырудың, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін интеграциялаудың, құжаттар дайындауға жауап беретін орындаушылармен тікелей байланысты алып тастаудың арқасында, халыққа қызмет көрсету уақыты қысқарады, сондай-ақ оларды алу қолайлығы артады.

Автокөлікті тіркеу/қайта тіркеуге бір сағатқа жуық уақыт жұмсалса, ал жүргізуші куәліктерін беруге қазіргі кездегідей алты сағат жұмсаудың орнына, екі сағатқа жуық уақыт жұмсалатын болады деп күтілуде. Жаңа рәсімдер сыбайлас құқық бұзушылықты жасаудың алдын алатыны жөніндегі факті үлкен мәнге ие.

Мемлекет басшысы қазіргі кезде өзінің тапсырмасына сәйкес мұндай автоматтандырылған орталықтар Қарағанды мен Алматыда жұмыс істеп тұрғанын, сондай-ақ ондай орталықтар Астана мен Ақтау қалаларында, ал келешекте еліміздің өзге өңірлерінде жұмыс істейтінін атап өтті.

"Сіздер жол полициясы атына - сарсаңға салушылық, жемқорлық фактілері, төрешілдік сияқты белгілі бір сын айтылатын білесіздер. Бүгінде автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін, мемлекеттік тіркеу нөмірін алу және өзге де қызмет көрсету үрдерістерін автоматтандыру, сондай-ақ барлық құжатты бір жерден алу азаматтардың жол полициясы қызметкерлерімен байланысын барынша азайтып, осындай жағымсыз фактілерді жоюға мүмкіндік береді және Алматының барлық тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасайды", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті ХҚО жұмыс барысымен танысып шығып, оның қорытындысы бойынша мамандандырылған ХҚО-ны еліміздің барлық облыс орталықтарында ашу жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны