25.12.2014, 18:24 3993

Автоөндіріс 5 жыл ішінде жеӊіл көлік шығаруды 12 есеге көбейтті - Назарбаев

Автоөндіріс 5 жыл ішінде жеӊіл көлік шығаруды 12 есеге көбейтті, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру күні аясында өтіп жатқан "Қазақстанныӊ жаӊа индустрияландыруы: 2014 жылдыӊ және бірінші бесжылдықтыӊ нәтижелері" жалпыұлттық телекөпірінде.

Астана. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - Автоөндіріс 5 жыл ішінде жеӊіл көлік шығаруды 12 есеге көбейтті, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру күні аясында өтіп жатқан "Қазақстанныӊ жаӊа индустрияландыруы: 2014 жылдыӊ және бірінші бесжылдықтыӊ нәтижелері" жалпыұлттық телекөпірінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Машина жасау саласында темір жол вагондарын шығару бесжылдықта 10 есеге өсті, ал дизельдік локомотив 2,5 есеге артты. Автоөндіріс 5 жыл ішінде жеӊіл көлік шығаруды 12 есеге, трактор шығаруды 6 есеге ұлғайтты. Индустрияландырудыӊ бірінші бесжылдығы жаһандық экономика оқиғаларында дағдарысқа қарсы әсер етуде тамаша мүмкіндік сыйлады", - деді Н.Назарбаев, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Индустрияландырудыӊ бірінші бесжылдығы аясында отандық құрылыс материалдарыныӊ өндіріс үлесі екі есеге өсті. "Қазір құрылыс материалдарыныӊ 80 пайызын өзіміз өндіріп отырмыз. Оған қоса, цемент өндірісі екі есеге өсіп, 4 млн тоннаға жетті. Медициналық өнім көлемі 500 данаға көбейді", - деді Елбасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны