06.08.2012, 12:46 2893

Аз қамтылған азаматтар ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша тұрғын үй жәрдемін ала алады

Үйді күтіп ұстау мен жөндеуге жұмсалатын шығындары жалпы отбасы табысының 10% артып кететін аз қамтылған пәтер иелеріне әкімдік тұрғын үй жәрдемін береді.

Астана. 6-тамыз. Kazakhstan Today - Аз қамтылған азаматтар ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша тұрғын үй жәрдемін ала алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үйді күтіп ұстау мен жөндеуге жұмсалатын шығындары жалпы отбасы табысының 10% артып кететін аз қамтылған пәтер иелеріне әкімдік тұрғын үй жәрдемін береді.

ТКШ жаңғыртудың жаңа бағдарламасына сай, отбасының коммуналдық қызмет пен жалпы үй мүліктерін күтіп ұстауға кететін шығындары табыстың 10% аспауы керек. 10% асып кететін шығындарды мемлекет төлейді, деп хабарлайды pm.kz сайты.

Коммуналдық қызмет пен жалпы үй мүліктерін күтіп ұстауға бағытталатын отбасы табысының шектік үлесін мәслихат бекітеді.

Жалпы, ТКШ жаңғырту бағдарламасына қатысу үшін үй иелері тұрғындардың жалпы жиналысында үйді жөндеу және кондоминимум нысанын тіркеу туралы шешім қабылдаулары қажет.

Одан кейін тұрғындар әкімдікке өтініш беріп, тұрғын үй комиссиясымен берлесіп ақаулар актісін, жобалық-сметалық құжаттамаларды жасайды. Жөндеу жұмыстарының шығындар сметасы пәтер иелерінің жалпы жиналысында бекітіледі.

Ары қарай пәтер иелері қайтарым сомасын жинақтау үшін банктен шот ашулары қажет. Бұл қаражат мамандандырылған ұйымдарға жіберіледі, олар өз кезегінде мердігерлерге жөндеу жұмыстары үшін ақы төлейді. Пәтер иелері несиені 15 жыл ішінде жауып бітіреді.

2011-2020 жылдарға арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша Қазақстанда 11 624 тұрғын үйді жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны