12.10.2017, 16:39 4631

Аз қамтылған отбасыларға берілетін жәрдемақыныӊ 3 түрі енді Бірыӊғай жәрдемақы түрінде берілмек

Ендігі жерде азаматтар қазіргідей 3 жерге емес, құжаттардыӊ бір пакетін жинап, бір ғана мекемеге жүгінбек. Көмекті алу үшін қалада - Жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық елдімекендерде - ауылдық округ әкімдеріне бару қажет.

Астана. 12 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмектіӊ жаӊа сипаты енгізіледі.

Бұл туралы Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкіметтіӊ кезекті отырысында хабарлады.

Біріншіден, бүгінде көп балалы аз қамтылған отбасыларға берілетін жәрдемақыныӊ 3 түрі, атап айтқанда арнайы мемлекеттік жәрдемақы, балалар жәрдемақысы және атаулы әлеуметтік көмек енді Бірыӊғай жәрдемақы түрінде берілмек. Бұл орайда, оныӊ мөлшері қазіргі үш түрлі төлемніӊ жалпы сомасынан жоғары болады.

Екіншіден, атаулы әлеуметтік көмекке қосымша еӊбекке қабілетті әр азаматқа кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, оқуы және кәсіп алуы, жеке ісін ашуы және оны жүзеге асыруы үшін шағын несие беру арқылы мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.

Үшіншіден, қиын өмірлік жағдайда жүрген отбасы мүшелеріне мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілмек.

Бүгінгі таӊда жаӊа жергілікті мамандар қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқытылуда.

2014 жылдан бері еліміздіӊ барлық өӊірінде "Өрлеу" жобасы немесе жаӊа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмектіӊ нұсқасы пилоттық тәртіпте енгізілді. Тек биылдыӊ өзінде елімізде "Өрлеу" жобасына шамамен 161 мыӊдай адам қатысты.

Жоспар бойынша, келер жылы мемлекеттен 350 мыӊ отбасы атаулы әлеуметтік көмек алатын болады (бүгінде жәрдемақыныӊ 3 түрін алатындардыӊ жалпы саны).

Атаулы әлеуметтік көмектіӊ қолжетімділігін арттыру мақсатында қызметті "бір терезе" ұстанымымен Жұмыспен қамту орталықтарында көрсету көзделіп отыр. Ендігі жерде азаматтар қазіргідей 3 жерге емес, құжаттардыӊ бір пакетін жинап, бір ғана мекемеге жүгінбек. Көмекті алу үшін қалада - Жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық елдімекендерде - ауылдық округ әкімдеріне бару қажет.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны