21.09.2019, 19:31 18864

"Қазқұтқару-2019" құтқару бөлімшелерінің 24-ші жиын-семинарының қорытындысы шығарылды

2019 жылы 20 қыркүйекте Алматы облысындағы Тамғалы Тас шатқалында "Жартасты қала-Астана" оқу-жаттығу полигонында өткен "Қазқұтқару-2019" 24-ші республикалық жиын - семинары аяқталды, ол 10 қыркүйекте басталған болатын.

Нұр-Сұлтан. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Қазқұтқару-2019" құтқару бөлімшелерінің 24-ші жиын-семинарының қорытындысы шығарылды.

2019 жылы 20 қыркүйекте Алматы облысындағы Тамғалы Тас шатқалында "Жартасты қала-Астана" оқу-жаттығу полигонында өткен "Қазқұтқару-2019" 24-ші республикалық жиын - семинары аяқталды, ол 10 қыркүйекте басталған болатын.

"Қазқұтқару-2019" жиын-семинарының негізгі мақсаты және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру, құтқару бөлімшелерінің іздестіру-құтқару жұмыстарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ авариялық-құтқару құралдары мен техникасын пайдаланудың озық әдістерін меңгеру, өзара іс-қимылды пысықтау және құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша тәжірибе алмасу.

"Қазқұтқару-2019" 24-ші республикалық жиын-семинарының салтанатты жабылуына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Құдайбергенов Асылхан Аймұратұлы қатысты.

10 күн бойы жедел-құтқару жасағының құтқарушылар командасы құтқару көпсайысы бойынша жарыстардың күрделі кезеңдерінде жарысты. "Қазқұтқару-2019" жиын-семинарына құтқару бөлімшелерінің 16 командасы, оның ішінде ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің 14 жедел-құтқару жасағы: Республикалық жедел-құтқару жасағы, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-сұлтан және Шымкент қалалары ТЖД Жедел-құтқару жасақтары және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдерінен 2 команда қатысты.

Сонымен қатар қатысушы командалар арасында құтқару технологиялары бойынша семинар және авариялық-құтқару жабдықтары мен жарақтарының жаңа үлгілерінің көрмесі өткізілді.

"Орташа айқындалған жер бойынша Кросс" жарыс кезеңдерінің қорытындысы бойынша орындар келесі түрде бөлінді: 1 орын - Нұр-сұлтан қ. ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Жедел-құтқару жасағы, 2 орын - Ақтөбе облысының ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Жедел-құтқару жасағы, 3 орын - Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы №28237 әскери бөлімі иеленді.

Сонымен бірге команда қатысушылары "Күштік жаттығулар кешені" дистанциясында 1 - ші орында Қостанай облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Жедел-құтқару жасағы, 2 - ші орында Батыс Қазақстан облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Жедел-құтқару жасағы, 3-ші орында Шығыс Қазақстан облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Жедел - құтқару жасағы.

"Техногендік апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары" дистанциясында 1 орында - Батыс Қазақстан облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Жедел-құтқару жасағы; 2 орында-Қостанай облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Жедел - құтқару жасағы, 3 орында-Республикалық жедел - құтқару жасағының командасы.

"Табиғи орта жағдайында іздеу-құтқару жұмыстары"дистанциясында Республикалық жедел-құтқару жасағы үздік атанды, екінші орында - Батыс Қазақстан облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Жедел-құтқару жасағы, үшінші орында-Қостанай облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Жедел - құтқару жасағы.

"Акваториядағы іздестіру-құтқару жұмыстары" дистанциясының жеңімпазы Республикалық жедел-құтқару жасағының командасы болды, екінші орында - Батыс Қазақстан облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Жедел-құтқару жасағы, үшінші орында-Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Жедел - құтқару жасағы.

Барлық дистанциялардан өту нәтижелері бойынша "Қазқұтқару-2019" 24-ші жиын-семинарының жеңімпаздары Республикалық жедел-құтқару жасағының командасы болды. Екінші орынды Батыс Қазақстан облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары иеленді. Үшінші орынды Қостанай облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Жедел-құтқару жасағының командасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны