20.11.2019, 18:46 25674

Қазақстан-Әзірбайжан бағыты бойынша Каспий теңізінің түбіне 400 км коммуникациялық желі төселеді

Қазақстан деректерді транзиттеуден 300 млн. АҚШ доллары шамасында табыс табуды жоспарлап отыр

Алматы. 20 қараша. Kazakhstan Today - Талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы шеңберінде Қазақстан-Әзірбайжан бағыты бойынша Каспий теңізінің түбіне 400 км коммуникациялық желі төселеді. Бұл жоба Қытайдан осы елдер арқылы Еуропаға трафик транзитін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев телекоммуникациялық дәліз құрылысын бастау рәсіміне қатысу барысында бірегей жобаны цифрлық кеңістікті дамытудың жаңа кезеңі деп атады.

"Бұл байланыс желісі Қазақстан мен Әзірбайжанды өзара байланыстырып қана қоймайды, Қытайдан біздің елдеріміз арқылы - Еуропаға трафик транзитін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әрине,

бұл Қазақстан үшін тиімді жоба. Өйткені, деректер транзитінен $300 млн. АҚШ доллары көлемінде табыс түседі деп күтілуде.

Бұл процесті жол құрылысымен салыстыруға болады. Жолдың сапасы жоғары болса, жүк тасымалы артып, бюджет түсімдері көбейіп, жол бойындағы қызмет көрсету және т.б.сервистер дамиды", - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Жобаны жүзеге асырумен Қазақстан-Әзірбайжан бірлескен кәсіпорны айналысады. Жобаның инвестициялық құны шамамен 60 млн. АҚШ доллары. Транзиттен 10 жыл ішінде 300 млн. доллар табыс түседі деп жоспарланған. Осымен бірге, жоба 150 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Каспий теңізінің түбі арқылы шамамен 400 км желі тартылады. Деректерді жеткізу қуаты -кемінде секундына 4-6 терабит. Желіні пайдалануға беру 2021 жылдың соңына жоспарланған.

Талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысының басталуына арналған салтанатты рәсімге Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин, Әзірбайжан Премьер-Министрі Әли Асадов және екі елдің телекоммуникациялық компанияларының басшылары қатысты.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш

өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны