07.05.2019, 15:29 10578

Қазақстанға компьютерлік техникаға және автокөлікке арналған қосалқы бөлшектерді заңсыз алып келе жатқан ҚХР азаматы ұсталды

Шонжы шекара отрядының "Қалжат авто" көліктік бақылау бөлімшесінде шекара наряды "Құлжа - Алматы" жолаушылар автобусынан 39 жастағы ҚХР азаматын ұстады.

Нұр-Сұлтан. 7 мамыр. Kazakhstan Today - Шонжы шекара отрядының "Қалжат авто" көліктік бақылау бөлімшесінде шекара наряды "Құлжа - Алматы" жолаушылар автобусынан 39 жастағы ҚХР азаматын ұстады. Ол өзімен бірге Қазақстанға жалпы құны 485 000 теңгенің компьютерлік техникаға және автокөлікке арналған қосалқы бөлшектерді заңсыз алып келе жатқан екен.

Сарыағаш шекара отрядының "Қайрат" шекара заставасының аумағында өткен түнде, сағат 3.45-те шекарашылар қызметтік иттің көмегімен, түнде көретін құралдарды пайдалана отырып көрші мемлекеттен біздің елге қарай Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған Өзбекстан азаматын ұстады. Ұсталған азамат араққа сылқия тойып алыпты.

Қордай шекара отрядына қарасты "Қордай" тексеріп-өткізу бөлімшесінің шекара наряды кеше сағат таңертеңгі тоғыздар шамасында шекара бекетінің сол жағында, біршама қашықтықта трансшекаралық Шу өзенінен біздің елге қарай өтіп бара жатқан бір адамды байқап қалып заставаға хабар берген. Лезде аттанған дабыл тобы жасы 25-26 шамасындағы жігітті қолға түсірді. Ешқандай құжаты жоқ ұсталған адам өзін 1993 жылғы Ресей азаматымын деп таныстырды. Сөздеріне қарағанда психикалық ауруға шалдыққан адамға ұқсайды. Көрші елдің шекарашыларына тапсырылды.

Қорғас шекаралық бақылау отрядының аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығындағы шекаралық бақылау бөлімі елімізге заңсыз қытайда шығарылған дәрі-дәрмек енгізбек болған үш адамды (барлығы қазақстандықтар) ұстады. "Алтынкөл" кеден бекетіне тапсырылған дәрі-дәрмектің жалпы салмағы 168,5 кг.

Орал ("Аксай авто") және Ақтөбе ("Әлімбет авто", "Жайсаң авто", "Қарашатау авто") шекара отрядтарының өткізу бөлімшелері Мемлекеттік кіріс департаменттеріне 2 667 000 теңгенің заңсыз тауарларын өткізді.

Тәркіленген тауарлардың ішінде техника, азық-түлік, жанар-жағармай өнімдері мен әйелдер косметикасы да бар.

Мерке тексеріп-өткізу пункітінің "Айша бибі авто" бөлімшесінде 413 литр дизельді отынды көрші елге шығарудың алды алынды.

Қордайлық шекарашылар76 дана "Айфон" ұялы телефондары мен телефон аксессуарлары, компьютерлік техника, сағаттар және 11,5 литр арақты біздің елімізге қарай заңсыз алып өтпек болған қазақстандықты және 148 дана "Самсунг С9" ұялы телефондарын елімізге алып кірмек болған 1988 жылғы қырғыз азаматын ұстады.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны