Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас штабында жаңа бөлімше құрылды
Алматы. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас штабында жаңа бөлімше құрылды.
Қарулы Күштердің коронавирустың таралуына қарсы күреске қатысуының аралық қорытындылары және қауіп - қатерлерге жауап берудің жаңа деңгейі, ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті мен денсаулық сақтау министрлігіне жәрдемдесу, сондай-ақ жеке құрам мен азаматтық халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі қосымша шаралар. Қорғаныс министрлігіндегі кезекті аппараттық кеңестің күн тәртібі осындай болды.
Қазақстан Республикасы Президенті - Қарулы Күштер Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы бойынша вирустың таралуына қарсы күресте дезинфекциялауға ерекше мән беріледі. Биологиялық қорғау бөлімшелері еліміздің барлық өңірлерінде дезинфекция жүргізуде. 5 апта ішінде жалпы ауданы 36 млн. шаршы метрден асатын әлеуметтік маңызы бар объектілер, ұзындығы 2,5 мың км астам жол учаскелері өңделді.
Қазіргі жағдайда радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері қауіпті вирустармен күрес кезінде қауіп-қатерлердің спектрі кеңеюде, сонымен бірге оларға іс-шараларға байланысты әрекет ету жөніндегі талаптар да артады.
Өткен кезекті аппараттық кеңесте Қорғаныс министрі атап өткендей, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлерін қайта құру және күшейту қажеттігі туындады. Осы мақсатта Қарулы Күштердің Бас штабында радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік әскерлері департаменті құрылды. Бұған дейін Қарулы Күштерде РХБ қорғау іс-шараларын ұйымдастыру ҚР ҚК БШ инженерлік әскерлер департаментінің құрылымдық бөлімшесіне - РХБ қорғау және экологиялық қауіпсіздік әскерлері басқармасына жүктелді.
Жаңа бөлімшеге қысқа мерзімде қазіргі заманғы қауіп-қатерлерді, әскерлердің мүмкіндіктерін және әлемнің жетекші елдерінің қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің даму үрдістерін ескере отырып, Қарулы Күштерді қорғау РХБ жүйесін дамыту тұжырымдамасын әзірлеу міндеті қойылды.
Сондай-ақ, әскери қызметшілердің жеке құрамы мен отбасы мүшелерінің денсаулық қауіпсіздігі мәселесі аса маңызды болып табылады.
Нұрлан Ермекбаев жұқтыру қаупі жоғары әскери қызметшілердің санатын анықтау, коронавирусқа қарсы күресте отбасы мүшелеріне дәрігерлер, полиция қызметкерлері кіретін және т. б. жұмылдырылған адамдарды тексеру міндетін қойды.
Бұрын енгізілген әскерлер мен әскери қалашықтарда шектеу іс-шаралары ерекше бақылауда болады. Атап айтқанда, барлық әскери нысандарда, әсіресе әскери қалашықтарда, тәуліктік нарядпен қызмет атқару орындарында, казармаларда және асханаларда, тосқауыл бекеттерінде, сондай-ақ көлік құралдарында дезинфекция режимін қатаң сақтау күшейтіледі.
Әскери бөлімдер мен мекемелер бөгде адамдардың келуі қысқартылды, жеке құрамның жаппай жиналуымен өтетін іс-шаралар мен сап түзеулер, шетелге іссапарлар мен демалыстарға шығуы шектетілді.
Дәрі-дәрмек препараттары, дезинфекциялық құралдар, қорғаныш маскалары мен қолғаптар қоры толықтырылды. Әскери қызметшілермен жұқтыру белгілері мен байланыстары анықталған кезде денсаулық жағдайына бақылау жүргізу және карантиндік шараларды уақтылы қабылдау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Қосымша барлығына коронавирустың белгілері жеткізілді, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жадынамалар мен COVID-19-дың алдын алу бойынша қалта брошюралары таратылды.
Медицина қызметкерлеріне тамақтануды ұйымдарын және осы объектілердің қызметкерлеріне күніне кемінде екі рет медициналық тексеруді жүзеге асыру тапсырылды. Әскери ұжымдардың аталмыш вируспен ауруына жол бермеу үшін бақылау-өткізу пункттерінде әрбір әскери қызметшіге денсаулығына және дене қызуына қатысты сұрау жүргізу, күн сайын блокбекеттердегі, патрульдердегі және арнайы өңдеу жасақтарындағы әскери қызметшілерге медициналық тексеру жүргізу. Кез келген денсаулығына қатысты жағымсыз белгілер пайда болғанда, әсіресе ЖРВИ-ға қатысты арнайы тестілеуді ұйымдастыру.
Әскери басшылықтың шешімімен Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталі толығымен Денсаулық сақтау министрлігінің қажеттілігі үшін берілді. Инфекциялық стационар ретінде ол коронавирустың шұғыл көрсеткіштері бойынша клиникалық белгілері бар емделушілерді емдеуге жатқызу үшін пайдаланылатын болады.
Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының және аймақ әкімдерінің өтініштері бойынша коронавирус індетіне күдікті халық және әскери қызметшілерді қабылдау үшін жұқпалы және провизорлық стационарлар ретінде Талдықорған қаласының 90 орынды әскери госпиталі, карантиндік стационар ретінде Үшарал қаласының 120 орынды әскери лазареті дайындалды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК СЭО ПТР-зертханасы іске қосуға дайын. Объектіде жөндеу жұмыстары аяқталды.
Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі міндеттермен қатар министр Арыс қаласындағы ТЖ салдарын жою бойынша маңызды жұмысты жалғастыруды, әскери полигондарды тазартуды, сондай-ақ әскери халықаралық ойындарға дайындықты тоқтатпауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
2026 жылғы базалық зейнетақы мөлшері айқындалды
2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрін, базалық және ынтымақты зейнетақыларды ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға арттыру көзделген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтады
Бірлігіміз - әралуандықта" деген қағидатқа негізделген қоғамдық келісім мен тұрақтылық - барлық жетістігіміздің бастауы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қала үшін негізгі шешімдер: Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясының қорытындысы
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды: зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға көмек көрсету кабинеттері ашылады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ЖИ-агент және бюрократиядан қорғау: Үкімет заңдарды жазу процесін қалай өзгертеді
Жыл ішінде жоспарға үш рет өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде ол "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы", "Инвестициялық қорлар туралы" және тағы да басқа 5 жаңа заң жобасымен толықтырылды. Сондай-ақ одан "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2026-2028 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2 жоба алынып тасталды. Кепілді трансферт туралы заң жобасын алып тастауға жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі әр үш жыл сайын өзгеруге жататындығы көрсетілген жаңа Бюджет кодексін қабылдау негіз болды. Жұмылдыру жөніндегі заң жобасын алып тастаудың себебі Премьер-Министрдің тапсырмасы болды, оған сәйкес Ұлттық экономика министрлігіне заң жобасын жаңа редакцияда әзірлеу және 2026 жылға арналған жоспарға енгізу тапсырылды", - деді ол.
Жалпы Парламентке бірінші жартыжылдықта 5 заң жобасын, екінші жартыжылдықта 7 заң жобасын енгізу жоспарлануда. Осы орайда, келесі маңызды мәселені атап өткен жөн деп ойлаймын. Өткен жылы біз норма шығару қызметін жетілдіру бойынша, оның ішінде жоспарлау сапасын арттыру және мемлекеттік органдардың болжамды-талдамалық функциясын күшейтуге бағытталған ауқымды жұмыс жүргіздік. Біріншіден, заңнамалық бастамаларды жүзеге асырудың "пакеттік қағидатына" қойылатын талаптар күшейтілді, олар енді Үкіметтің заң жобаларына ғана емес, сонымен қатар Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына және түзетулерге де қолданылады. Енді заңнамалық бастамаларды жүзеге асыру үшін қажетті заңға тәуелді актілерді бір мезгілде әзірлеу барлық кезеңдерде және барлық заң жобалары бойынша міндетті. Бұл заң қабылданғанға дейін проблемалық мәселелерді алдын ала анықтап, пысықтауға және оны заңға тәуелді деңгейде - яғни заңның практикалық тұрғыдан сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді министр.
Үшіншіден, биылдан бастап мемлекеттік органдардың болжамды-талдау функцияларын арттырудың, тиісінше заңнаманың тұрақтылығын нығайтудың маңызды элементі - құқықтық мониторинг жүргізудің жаңа, салалық форматына көшу болды. Бұған дейін мониторинг дербес форматта, яғни әрбір нормативтік құқықтық акт бойынша және заң техникасына басымдық беріле отырып жүргізілді, ал тұрақтылық тек заңнамалық актілер бойынша талданды. Бұл саланы құқықтық реттеудің жалпы "көрінісін" көруге және оның нақты тиімділігін бағалауға мүмкіндік бермеді. Енді салалық қағидаттың енгізілуімен белгілі бір саланы реттейтін заңдардан бастап жергілікті актілерге дейін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы талданады. "Өтпелі" талдау, оның ішінде толық саланың тұрақтылығын анықтау арқылы мемлекеттік органдардың норма шығару тәртібі артуда, бұл бюрократиядан арылту жағдайында аса маңызды. Қазіргі уақытта заңнаманың 80 саласына талдау жүргізілді, олардың нәтижелері жалпы алғанда талдамалық және болжамдық функциялардың күшею бағытындағы оң барысын көрсетеді", - деді әділет министрі Ерлан Сәрсембаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Үкіметте 2026 жылғы ХХV қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысы қаралды
Мемлекет басшысы бұқаралық және кәсіби спортты дамыту әркез басымдыққа ие болып қала беретінін айтып келеді. Сондықтан Қазақстанда спортты дамыту бағытында кешенді шаралар қабылданып, спортшылардың сапалы даярлануы үшін тиісті жағдай жасалуда. 2023-2025 жылдары осы мақсаттарға бюджеттен 360 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Қысқы спорт түрлерін дамыту үшін елімізде қажетті базалық инфрақұрылым мен қолайлы климаттық жағдайлар бар", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Бұл жетістікті алда Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында одан әрі нығайтып, еселей түсу қажет. Жалпы спортшыларымыздың ішкі тәртібі, табанды, алғыр және нағыз командалық рухы оларды жеңіс жолына жетелейді деп сенеміз. Жаһандық додада әділ сайыс, мықты ерік-жігер және үздік нәтиже тілейміз! Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин өзінің қайсар рухымен спортшыларымыздың жігерін жанып, жеңіске ынталандырады. Еліміз сіздерді мақтан тұтады әрі зор сенім артады", - деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.
Түпкілікті құрамдарды қалыптастыру, логистика, керекті жабдықтар, медициналық қолдау және ұйымдастыру мәселелерін тез арада реттеу қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Келешегі бар спортшыларға көрсетілетін қолдау шаралары нақты әрі ашық болуы тиіс. Бұған министрліктердің, федерациялар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшылары тікелей жауапты болады. Сондай-ақ кәсіпқой спортты дамытуға бюджеттен тыс қаражат тартуға күш салу керек", - деп атап өтті Премьер-министр.
Паралимпиада спортшыларының ірі халықаралық жарыстарға қатысуы - өршіл рух пен төзімділікті тәрбиелеу және инклюзивті қоғам құндылықтарын насихаттау тұрғысынан маңызды", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өтті
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Республикалық үшжақты комиссия еңбек саласындағы қатердің алдын алу шараларын күшейтуде
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
30.12.2025, 10:14Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өтті 29.12.2025, 21:42 97741Республикалық үшжақты комиссия еңбек саласындағы қатердің алдын алу шараларын күшейтуде29.12.2025, 19:40 79071Әкімдіктер туристік нысандарға арналған жерлердің мақсатты пайдаланылуын бақылайтын болады30.12.2025, 20:36 78246Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды: зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға көмек көрсету кабинеттері ашылады30.12.2025, 16:00 75301Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
17.12.2025, 17:47 231966Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227491Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225776Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222786Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213761Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

