05.09.2026, 10:57 60203 / 11288

Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Мұрат Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп айтылған хабарламада.


Мұрат Баймұқашев 1967 жылы дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін және Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Ішкі істер органдары мен Бас прокуратурада қызмет атқарған, Премьер-министр кеңсесінде жұмыс істеген. Әр жылдары ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы, Ішкі істер министрінің орынбасары, Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары және орынбасары қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, Қауіпсіздік Кеңесі аппараты басшысының орынбасарлары тағайындалды. Нұржан Қажыақбаров бірінші орынбасар, Руслан Жақсылықов пен Геннадий Зуев орынбасарлар болып тағайындалды.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда Үкіметтің жаңа құрамы жасақталған болатын. Төрт министрліктің басшысы ауысты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны