18.02.2021, 18:09 11501

Қазақстан БАӘ мен Түркияға рейстердің санын көбейтті

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау және авиакомпаниялар сайттарында жарияланған кестеге сәйкес қатаң орындалатын болады.
Нұр-Сұлтан. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан БАӘ мен Түркияға рейстердің санын көбейтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылғы 15 ақпандағы ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес республика аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша Қазақстан "SCAT" авиакомпаниясының аптасына 8 рейс орындауға рұқсат етіледі. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды қалаларынан Рас-эль-Хайм қаласына (БАӘ) жолаушыларын COVID-19 теріс ПТР-тестпен 100% қамтамасыз ету", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінде.

 
Сонымен қатар, жоғарыда аталған шешімге сәйкес түрік авиатасымалдаушыларға Алматы мен Анталия қалалары арасындағы 2 қосымша рейстер орындауға рұқсат етілген.
 
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау және авиакомпаниялар сайттарында жарияланған кестеге сәйкес қатаң орындалатын болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны