10.10.2026, 09:21 53521 / 10035

Қазақстан халықаралық кездесуде Интерполмен жұмыс істеу тәжірибесін таныстырды

Қатысушылар трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл, халықаралық іздестіру, киберқауіптер мен қаржылық қылмыстарға қарсы күрес, жедел ақпарат алмасу, сондай-ақ Интерполдың құралдары мен дерекқорларын тиімді пайдалану мәселелеріне баса назар аударды
Астанада сегіз елдің Интерпол Ұлттық орталық бюролары басшыларының кездесуі өтті. Онда трансұлттық қылмысқа қарсы күрес, халықаралық іздестіру және киберқауіптерге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңеске Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның делегациялары, сондай-ақ Интерполдың Бас хатшылығының өкілдері қатысты.

Қатысушылар ұйымдасқан қылмысқа, киберқауіптер мен қаржылық қылмыстарға қарсы күрес, жедел ақпарат алмасу және Интерполдың халықаралық дерекқорларын пайдалану мәселелерін талқылады.

Қазақстан тарапы халықаралық полиция ұйымының құралдарын пайдалану жөніндегі өз тәжірибесін таныстырды.

Сонымен қатар, кездесуде трансұлттық қылмысқа қарсы күресте құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған Орталық Азия бойынша өңірлік іс-қимыл жоспары қаралды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны