28.08.2026, 11:20 16544 / 3102

Қазақстан үкіметі жаңа Құрылтай алдында өкілеттігін доғарды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды
Қазақстан үкіметі жаңа Құрылтай алдында өкілеттігін доғарды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы үкіметінің жаңадан сайланған Құрылтайының алдында өкілеттігін доғаруына байланысты «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын», – делінген құжат мәтінінде.

Естеріңізге сала кетсек, 28 тамызда Астанада бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясы өтіп жатыр.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаудан кейін үкімет отставкаға кетуі тиіс екенін мәлімдеген болатын. Бұл ретте Мемлекет басшысы Министрлер кабинетінің жұмысына оң баға беріп, оның құрамында өзгерістер болатынын айтты.

«Үкімет жалпы алғанда өте табанды әрі жедел жұмыс істеп, Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындап келеді. Бүкіл әлемде бәсекелестік күшейіп жатыр. Нарық назар аударуды және ең бастысы, тиісті түрде жауап беруді талап ететін жаңа сын-қатерлер туындатып отыр. Сондықтан, әрине, үкімет отставкаға кетуі тиіс. Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болады», – деді Тоқаев.

Президент кадрлық өзгерістер Министрлер кабинетінің жұмысына жаңа серпін беру үшін қажет екенін атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны