16.05.2019, 21:10 10725

Қазақстан мен Кипр қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға қол қойды

2018 жылы тауар айналымы 20,269 млн. (экспорт - 18,811 млн., импорт-1,458 мың). 2017 жылы екіжақты тауар айналымы 33,1 млн. (экспорт-31 млн., импорт-2,1 млн.), бұл 2016 жылмен салыстырғанда 79% артық (6,985 млн., экспорт-6,462 млн., импорт-523 мың.).

Нұр-Сұлтан. 16 мамыр. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылы 15 мамырда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Смайылов пен Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Никос Христодулидис Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Кипр Республикасының Үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға қол қойды.

Конвенция Қазақстан мен Кипр арасында қосарланған салық салуды болдырмауға, сондай-ақ салықтың барлық түрлері бойынша ақпарат алмасу арқылы екі елдің салық қызметтері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Конвенция екі тарап ратификация жасағаннан кейін күшіне енеді.

2018 жылы тауар айналымы 20,269 млн. (экспорт - 18,811 млн., импорт-1,458 мың). 2017 жылы екіжақты тауар айналымы 33,1 млн. (экспорт-31 млн., импорт-2,1 млн.), бұл 2016 жылмен салыстырғанда 79% артық (6,985 млн., экспорт-6,462 млн., импорт-523 мың.).

ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша, 2005 жылдан бастап 2018 жылдың бірінші тоқсанына дейін ҚР экономикасына тікелей Кипр инвестицияларының көлемі 2,237 млрд. мен ҚР-дан Кипрге тікелей инвестициялардың кетуі 785,8 млн.

2018 жылғы жағдай бойынша ҚР-да 314 заңды тұлға, Кипр қатысуымен Филиалдар мен өкілдіктер тіркелген.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны