13.07.2026, 20:56 26166
Қазақстан мен NASA бірлескен жаңа ғарыштық жобаларды талқылады
Сурет: Gov.kz
Достарға айту
Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) басшысы Джаред Айзекманмен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Келіссөздер барысында тараптар қазақстандық-американдық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, ғарыш ғылымы, астрофизика, спутниктік технологиялар және Жерді қашықтықтан зондтау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударды.
Кездесуге қатысушылар сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ-тың ғылыми ұйымдары мен университеттері арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктерін, оның ішінде жоғары білікті мамандарды даярлау бағдарламаларын және ғарыш саласындағы коммерциялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы диалогқа дайын екендіктерін растап, бейіндік командаларға ынтымақтастықтың практикалық әріптестік жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
14.08.2026, 16:29 16241
Энергетика министрлігі Алматы мен Алматы облысынның жарықсыз қалу себебін атады
Достарға айту
Қазақстанның Энергетика министрлігі Алматы, Алматы облысы мен еліміздің басқа өңірлерінде электр энергиясының жаппай өшу себебін түсіндірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Орталық Азияның энергия жүйесі тарапынан электр энергиясы ағынының күрт өзгеруінен энергожүйеде қуаттың кенет артуы болды. Соның салдарынан апатқа қарсы автомат іске қосылып, ҚР-ның кейбір өңірлерінде бірқатар электр энергиясын тұтынушы желіден ажыратылды", - деп түсіндірді ведомство.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазір "KEGOC" АҚ жүйелік операторы қажетті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірқатар өңірде жарықпен қамтамасыз ету қалпына келтірілді.
"Жағдай Энергетика министрлігінің бақылауында", - деп толықтырды баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның ұлттық электр желісі операторы KEGOC-тың электр беру желілерінің апаттық ажыратылуына байланысты Алматы мен Алматы облысының бірнеше ауданында жарық өшкен болатын. Салдарынан Алматыда көлік кептелістері пайда болды.
Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдары Бішкек пен Душанбеде де электр энергиясына қатысты проблемалар болғанын хабарлады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.08.2026, 14:08 16661
Астанада қайтарылған активтер есебінен 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынады
Достарға айту
Астанада қайтарылған активтер есебінен 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп салу мақсатта Арнаулы мемлекеттік қордан 7 млрд теңге Астанада заманауи мектеп салуға бағытталды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
1200 оқушыға арналған жаңа білім беру нысаны елорданың "Нұра" ауданында бой көтеруде. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаны келер жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
"Мектеп салу қажеттілігі халық санының өсуіне байланысты туындап отыр. Қазіргі уақытта құрылыс аумағында 4 мемлекеттік мектеп жұмыс істейді, алайда оқушы орындарының тапшылығы бар. Жаңа нысан елордадағы №84, №85, №89 және №97 мектептерге түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді",- деп айтылған хабарламада.
Жалпы қайтарылған активтер азаматтар үшін практикалық маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға бағытталуда. Үкімет 610 млрд теңгеден астам сомаға 500-ден астам әлеуметтік жобаны қаржыландыруды мақұлдады. Қаражат бүкіл ел бойынша білім беру, денсаулық сақтау, спорт және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын салуға және жаңғыртуға бөлінуде. Білім беру саласында жалпы құны 64,4 млрд теңге болатын 17 жобаны жүзеге асыру мақұлданды. Бұл қаражат жаңа білім беру инфрақұрылымын салуға және балалар мен жастардың білім алуына заманауи жағдай жасауға бағытталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.08.2026, 13:53 17906
Қазақстанда егін жинау науқаны басталды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Биылғы жиым-терім қарсаңында премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен күзгі егіс жұмысы бойынша жедел штаб отырысы барысында егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталғаны мәлім болды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
"Еліміздің көп өңірінде егін жинау жұмысы жүргізілуде. Жиын-терім науқаны тамыздың үшінші он күндігінде басталады",- деп мәлім етті Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова.
Биыл жалпы жиналатын егіс алқабы 24,2 млн гектар болса, оның 15,6 млн гектары дәнді және бұршақты дақыл. Бүгінде 1,9 млн гектар немесе 12,5% алқаптан дәнді дақыл жиналды. Салыстыру үшін айтатын болсақ, өткен жылы осы кезде 1 млн га немесе 6,1% өнім жиналған. Егін жинаудың ертерек басталуы жаздың әдеттен тыс ыстық болып, дақылдың тез пісуіне байланысты. Бұл ретте дәнді дақылдың өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда жоғары: бір жыл бұрынғы 14,8 ц/га-ға қарағанда орта есеппен 16,4 ц/га. 3,2 млн тонна астық жинақталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.08.2026, 11:58 18361
Атырау облысында тергеу изоляторына телефон өткізбек болған азамат ұсталды
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Атырау облысында "Тосқауыл" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізу әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
30 шілде мен 17 тамыз аралығында өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шара барысында №75 мекемесіне келіп түскен сәлемдемені тексеру кезінде қызметкерлер азық-түлік арасынан жасырылған телефонды анықтады.
Тексеру нәтижесінде тыйым салынған затты мекеме аумағына өткізуге әрекет жасаған азаматтың жеке басы анықталды. Аталған факті бойынша азаматқа қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Қылмыстық-атқару жүйесі органдары мекемелердің ішкі аймағына телефондар мен өзге де тыйым салынған заттарды өткізуге жол берілмейтінін ескертеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.08.2026, 09:24 19701
Қостанай облысында ата-ананың шағымынан кейін балалар орталығы жабылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қостанайда ата-аналардың бірінің өтініші негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексерудің қорытындысы бойынша Қостанай облысында сот шешімімен санитариялық нормалардың өрескел бұзушылықтары анықталған "Светофор" балалар сауықтыру орталығының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жүргізілген тексеру барысында өтініште көрсетілген барлық фактілер расталды. Мамандар тамақтандыруды ұйымдастыру, сумен қамтамасыз ету, аумақ пен үй-жайлардың санитариялық жай-күйі, сондай-ақ персоналдың міндетті медициналық тексерулерден өту талаптарының бұзылғанын анықтады.
"Іс материалдарын қарау нәтижесінде сот орталықтың қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады, ал бұған дейін берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының күші жойылды",- деп атап көрсетілген хабарламада.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны беру кезінде заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Денсаулық сақтау министрлігі әрбір азаматтың өтініші ерекше бақылауда екенін атап өтеді. Балалардың қауіпсіз демалысы мен сауықтырылуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мемлекет үшін сөзсіз басымдық болып қала береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.08.2026, 18:33 24581
Тоқаевқа Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық барысы баяндалды
Президент бұл сайлау науқанының тарихи сипаты мен қоғамдық-саяси маңызы айрықша екенін атап өтті
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық барысын талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент бұл сайлау науқанының тарихи сипаты мен қоғамдық-саяси маңызы айрықша екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауды «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ашық әрі барлық қатысушыға тең жағдай жасау арқылы өткізу қажеттігіне баса назар аударды.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына биыл 23 тамыз күні өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.08.2026, 15:17 25191
Ербол Салихбаев Су үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ербол Салихбаев Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды
Салихбаев Ербол Заурбекұлы 1989 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Технологиялық машиналар және жабдықтар" мамандығы бойынша, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "Су ресурстары және суды пайдалану" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы Шардара қаласындағы "Ер-Серік 2" ЖШС директорының орынбасары қызметінен бастаған. Кейін осы компанияның атқарушы директоры болды.
2014 жылы "Қазсушар" РМК-ның "Су-метрология" филиалы Автоматтандыру және есептеу бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды.
2019-2020 жылдары "Қазсушар" РМК Суармалы жерлер департаментінің басшысы болды. 2020-2022 жылдары "Қазсушар" РМК департамент басшысы, кейін Пайдалану және суды пайдалану бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін "Қазсушар" РМК бас директорының пайдалану жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.08.2026, 11:27 28806
СІМ шетелдік журналистерге Құрылтай сайлауына аккредиттеуден өту мерзімдерін еске салды
Достарға айту
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Құрылтай депутаттарының сайлауын жариялау үшін аккредиттеуге өтінім қабылдау мерзімі аяқталып келе жатқанын еске салды.
Өтінім берудің соңғы күні — 2026 жылғы 16 тамыз. Сайлау 23 тамызда өтеді.
Аккредиттеуден өту үшін шетелдік журналистер бас редактордың хатын, жарамды шетелдік паспорттың көшірмесін, толтырылған аккредиттеу нысанын, көлемі 3×4 сантиметр электрондық фотосуретті және БАҚ туралы анықтамалық ақпаратты ұсынуы қажет.
Өтінімдер accreditation@mfa.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. Хаттың тақырыбына «Kurultai Elections 2026» деп жазылуы тиіс.
СІМ шетелдік журналистер Қазақстанда кәсіби қызметін ведомство берген тұрақты немесе уақытша аккредиттеуі болған жағдайда ғана жүзеге асыра алатынын еске салды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.08.2026, 10:22Тоқаев Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модиді елдің Тәуелсіздік күнімен құттықтады 15.08.2026, 10:38 7611Қазақстан Үндістанмен стратегиялық серіктестікті кеңейтуге ниетті - Көшербаев15.08.2026, 11:20 7421Тоқаев Конгоны Қазақстанның Африкадағы маңызды серіктесі деп атады15.08.2026, 11:36 5276Тоқаев: Қазақстан Лихтенштейнмен көпжылдық қатынастарды жоғары бағалайды15.08.2026, 14:15 3151Үш жыл жүргізілген келіссөз: Қазақстан Оңтүстік Кореяның жұмыспен қамту жүйесіне енгізілді
08.08.2026, 11:23 59471Қазақстан мен Грекия КҚК арқылы мұнай жеткізу қауіпсіздігін талқылады08.08.2026, 09:56 52546Қазақстан көршілес елдермен Сырдария мен Әмудария суын пайдалану мәселесін талқылады08.08.2026, 11:30 49766Қазақстан 10 елмен экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге ниетті08.08.2026, 21:45 45446Астана мен Афина энергетика мәселелерін талқылады09.08.2026, 14:34 43056Ермек Көшербаев Қазақстан мен Сингапур елдері арасындағы қатынастардың нығая түскенін атап өтті
24.07.2026, 17:33 105851АҚШ Қазақстаннан әкелінетін жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде баж салығын енгізді24.07.2026, 13:01 99561Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді23.07.2026, 17:20 98141Маңғыстау облысы Қазақстан мен Өзбекстанның Өңір басшылары кеңесін қабылдауға дайындалуда17.07.2026, 23:10 97281Қазақстан БҰҰ алаңында волонтерлікті дамытудың үздік тәжірибелерін таныстырды17.07.2026, 14:41 95156ЖИ дамыту әскери бәсекеге емес, бейбітшілік қағидаттарына негізделуі қажет - Тоқаев

