09.10.2026, 13:03 49841 / 9345

Қазақстан мен Оман арасында екі жаңа әуе бағыты ашылады

Қазақстан мен Оман арасында екі жаңа әуе бағыты ашылады
Сурет: ААК
Қазақстан мен Оман арасындағы тұрақты әуе қатынасы Алматы мен Астанадан Салала қаласына ашылатын рейстер есебінен кеңейеді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінен.

"Air Astana әуе компаниясы Оманға екі жаңа бағыт бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастайды. Атап айтқанда, биылғы 23 қазаннан бастап Алматы - Салала бағыты бойынша аптасына бір рет (жұма күндері), ал 24 қазаннан бастап Астана - Салала бағыты бойынша аптасына бір рет (сенбі күндері) Airbus 320 үлгісіндегі әуе кемелерімен рейстер орындалады", - деп мәлім етті мекеменің баспасөз қызметінен.


Қазіргі уақытта Қазақстан мен Оман арасындағы әуе қатынасы Salam Air әуе компаниясының Алматы - Маскат бағыты бойынша рейстері арқылы да жүзеге асырылуда.

Комитеттің мәліметінше, жаңа бағыттардың ашылуы Қазақстан мен Оман арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды, іскерлік ынтымақтастықты және туризмді дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

Бұған дейін Қазақстан мен Швейцария елдерінің арасында тікелей әуе рейстерін іске қосуға дайындалып жатқаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны