14.11.2019, 19:54 14631

Қазақстан мен Түркия арасында теміржол тасымалын дамыту туралы меморандумға қол қойылды

Шараның мақсаты - Түркия мен Қазақстан бизнесінің іскерлік байланыстарын нығайту үшін платформа құру, инвестиция мен сауда, логистика саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау.

Алматы. 14 қараша. Kazakhstan Today - Стамбұл қаласында (Түркия) өткен қазақстандық-түркиялық бизнес форумы шеңберінде "KTZ Express" АҚ ("ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес ұйымы) мен Pasifik Eurasia Lojistik D?? Ticaret A.? арасында Қазақстан аумағы арқылы "Оңтүстік дәлізі" бойынша тасымалдарды дамытуға бағытталған Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Форум Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-туркиялық үкіметаралық комиссияның 10-шы отырысына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркияға сапары шеңберінде ұйымдастырылып отыр.

Шараның мақсаты - Түркия мен Қазақстан бизнесінің іскерлік байланыстарын нығайту үшін платформа құру, инвестиция мен сауда, логистика саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау.

АО "KTZ Express" и Pasifik Eurasia Lojistik D?? Ticaret A.? арасында қол қойылған құжат операциялық шығындарды төмендету жолымен "Оңтүстік дәліздің" бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етеді және активтерді бірлесе пайдалану есебімен ұсынылып отырған контейнерлік сервистің сапасын арттыруды қарастырады.

Бүгінгі таңда Қазақстан мен Түркияның көлік-логистикалық саладағы ынтымақтастығы белсенді қарқынмен дамуда. Осылайша, 2019 жылдың 9 айында контейнерлік тасымал көлемі 5,4 мың ЖФБ құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 мың ЖФБ немесе 69% артты. Бір мерзгілде жаңа логистикалық сервистерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, 2019 жылдың қазанында "ҚТЖ" ҰК" АҚ Қытай, Әзірбайжан, Грузия және Түркия теміржол әкімшіліктерімен серіктесе Босфор бұғазы астындағы Мармара туннелімен өтетін Транскаспий көлік дәлізі бойынша жүретін Сиань - Стамбұл - Прага бағыты бойынша балама контейнерлік сервис іске қосылды.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны