26.10.2021, 18:54 38247

Қазақстан мен Түркия әскери жоғары оқу орындары ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды

АНКАРА. 26 ҚАЗАН - Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери білім шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастық аясында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Түркия Ұлттық қорғаныс университетіне барды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан делегациясы Түркия Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери білім беру жүйесімен, оқу-материалдық базасымен танысты. Тараптар екі елдің әскери оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады.
 

Сапар қорытындысы бойынша Әскери оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылды", - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны