09.09.2019, 21:49 20078

Қазақстан мен Қырғызстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің "Ыстықкөл - Аңырақай-2019" бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті

Қазақстан мен Қырғызстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің мұндай бірлескен жұмысының форматы жиі түрде жүргізіліп тұратынын айта кеткен жөн. Өткен жылы "Аңырақай-2018" оқу-жатығуына екі мемлекеттің 300-ден аса әскери қызметшісі қатысты.

Нұр-Сұлтан. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Қырғызстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің "Ыстықкөл - Аңырақай-2019" бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті.

Екі елдің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің оқу-жаттығуы "Эдельвейс" оқу-жаттығу орталығының базасында аяқталды.

Теориялық және практикалық сабақтар барысында екі елдің әскери қызметшілері таулы, тактикалық арнайы даярлық элементтерін пысықтап, әскери топография мен байланысты ұйымдастырудағы білімдерін жетілдірді.

Таулы дайындық маңызды практикалық кезең болды. Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшісінің айтуынша, біздің жеке құрам сақтандыруды пайдалана отырып, тауға өрмелеу мен түсу, сондай-ақ таулы жерде қозғалу бойынша жаттығуларды сапалы пысықтады.

Одан басқа, екі елдің әскери бөлімшелері құрама жасақ құрамында қарсыластың барлауына дайындалу және жүргізу, заңсыз қарулы құралымдарды оқшаулау бойынша арнайы операцияны орындады.

"Ыстықкөл - Аңырақай-2019" оқу-жаттығуы бірлескен жұмыста екі елдің бөлімшелерінің шынайы жауынгерлік әзірлігін, үйлесімділігін бағалауға мүмкіндік берді.

Қазақстан Қарулы Күштерінің атынан оқу-жаттығуға екі арнайы мақсаттағы топ және бір броньдалған топ қатысты. Барлығы 30-ға жуық әскери қызметші.

Қазақстан мен Қырғызстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің мұндай бірлескен жұмысының форматы жиі түрде жүргізіліп тұратынын айта кеткен жөн. Өткен жылы "Аңырақай-2018" оқу-жатығуына екі мемлекеттің 300-ден аса әскери қызметшісі қатысты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны