07.09.2022, 15:43 16226

Қазақстан мен Қытай құқықтық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты

Қазақстан Елшісі екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосымша серпін беру мақсатында аталған құжатты одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті.
Қазақстан мен Қытай құқықтық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты
БЕЙЖІҢ. 7 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Жоғарғы халық прокуратурасының Бас прокуроры Чжан Цзюньмен кездесу барысында екі ел арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарт шеңберінде екі елдің ынтымақтастығы мәселесіне ерекше назар аударды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан Елшісі екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қосымша серпін беру мақсатында аталған құжатты одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті.
 
Бұған қоса, Ш. Нұрышев ҚР мен ҚХР арасындағы Сотталған адамдарды беру туралы шарт аясында ҚР мен ҚХР-дың пенитенциарлық мекемелерінде жазасын өтеп жатқан екі елдің азаматтарын өзара беру мәселесінде тараптардың іс жүзіндегі өзара ықпалдасуын күшейтуді ұсынды.
 
Өз кезегінде, Бас прокурор Президент Қ.Тоқаев белгілеген ҚР-дағы саяси өзгерістерге, әсіресе еліміздің сот және құқық қорғау жүйесін реформалауға қатысты бағытқа жоғары баға берді.
 

Чжан Цзюнь озық тәжірибемен алмасу және прокуратура органдарының жұмысына жаңа "құралдарды" енгізу мақсатында Қытайдың Жоғарғы халық прокуратурасының ҚР Бас прокуратурасымен байланыстарды нығайтуға және тығыз диалог орнатуға мүдделілігін білдірді", - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі мен Қытайдың Жоғарғы халық прокуратурасы арасындағы өзара қызығушылық тудыратын өзекті мәселелер бойынша тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны