08.09.2026, 09:47 32194 / 6036

Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге келді

Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге келді
Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунның Бейжіңде өткен келіссөздерінің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісге келді, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Бұл екі ел азаматтары үшін тиісті рәсімдерді жеңілдетіп, өзара сапарларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.


ҚР СІМ

Сонымен қатар, екіжақты кездесу нәтижесінде екі елдің Үкіметтері арасында "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойылды.

Құжат екі елдің құзыретті органдарының өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға, туындайтын қатерлерге жедел ден қоюға және халықаралық орталық аумағында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетсек, 7 қыркүйекте Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Саденов Бейжіңге жұмыс сапарымен барып, "Орталық Азия - Қытай" форматындағы ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің кездесуіне қатысып, өңірлік қауіпсіздік, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына, киберқылмысқа және басқа да қазіргі заманғы қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылаған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны