Система Orphus

Қазақстан Қорғаныс Министрлігі жанындағы Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың құрылғанына ширек ғасыр болды

26.05.2020, 19:12 5509

Алматы. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда 25 жыл ішінде 100-ден астам шетелдік инспекция ұйымдастырылды.

Оларды еліміздің сенім мен қауіпсіздік саласындағы халықаралық міндеттемелерін сақтау тұрғысынан жүргізді.

Қазақстан Қорғаныс Министрлігі жанындағы Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың құрылғанына ширек ғасыр болды. 2015 жылға дейін ол қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспекциялық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі орталық деп аталды.

Орталықтың құрылуы біздің ел үшін маңызды тарихи оқиға болды, өйткені Қазақстанның әлемдік аренада ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан ғана емес, жаппай қырып-жою қаруын таратпау үшін қатысқан мемлекет ретінде ұстанымын білдіруге ықпал етті. Бұдан басқа, қорғаныс ведомствосының бөлімшесі қару-жарақты бақылау және сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайту үшін құрылды.

Орталық Қазақстанның стратегиялық және әдеттегі қару-жарақты шектеу және қысқарту, қару-жарақты бақылау, сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайту, Қазақстан аумағында шетелдік инспекциялық топтардың қызметін қамтамасыз ету және бірқатар халықаралық шарттар мен келісімдерге қатысушы мемлекеттердің аумағында инспекция жүргізу саласындағы міндеттемелерін орындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

Қазіргі таңда Қазақстанда әскери нысандарда 100-ден астам шетелдік инспекция өткізілді. Олардың нәтижелері туралы есептер Қазақстанның шарттар бойынша өздерінің халықаралық міндеттемелерін толық орындауын растайды. Өз кезегінде қазақстандық мамандар ТМД және еуропа елдерінің аумағында 40-тан астам инспекция өткізді.

Сонымен қатар, орталықтың Қорғаныс министрлігінің басқа құрылымдарын қайталамайтын халықаралық әскери ынтымақтастықтың өзіндік ерекшелігі бар. Тиісті бағыттар бойынша Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен жедел және сапалы өзара іс-қимыл жолға қойылды, оның ішінде ЕҚЫҰ департаменті, көпжақты ынтымақтастық департаменті, Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметі мәселелері бойынша ҚР Ұлттық үйлестірушісі бар.

Тарихи шаралар бойынша аз уақыт ішінде орталықтың жеке құрамы еліміздің аумағынан стратегиялық бомбалаушыларды және құрлықаралық баллистикалық зымырандарды ядролық шығару жөніндегі миссияға, Қазақстанның жаһандық Халықаралық ұйымдарға кіру мәселелеріне, қару-жарақты бақылауға байланысты шарттарға, келісімдер мен конвенцияларға, әскери ақпаратпен және инспекциялық қызметпен алмасуға қатысты.

Орталықтың қызметі жаһандық қарусыздану процесінің жауапты және адал қатысушысы, қару-жарақты қысқарту және шектеу, сенім мен қауіпсіздік шараларын нығайту, тең қауіпсіздік, ынтымақтастық пен ашықтық қағидаттарына негізделген мемлекеттер арасындағы шынайы әріптестікті қалыптастыру ретінде Қазақстанның имиджін қалыптастыруға елеулі үлес қосады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны