Система Orphus

Қазақстан Президенті "Abu Dhabi National Oil Company" кәсіпорнының бас директоры Сұлтан Ахмед Әл Джабермен кездесті

28.01.2020, 12:04 5185

Алматы. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті "Abu Dhabi National Oil Company" кәсіпорнының бас директоры Сұлтан Ахмед Әл Джабермен кездесті.

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары аясында "Abu Dhabi National Oil Company" (ADNOC) мұнай компаниясының бас директоры Сұлтан Ахмед Әл Джабермен кездесу өткізді.

ADNOC компаниясы - Біріккен Араб Әмірліктеріндегі мұнай мен газ өндіретін жетекші, ал әлем бойынша төртінші орын алатын кәсіпорын. Оның мұнай қоры шамамен 100 миллиард баррельге тең. Кәсіпорын күніне 2,4 миллион баррельге дейін мұнай өндіреді.

Кездесу барысында тараптар әлемдік нарықтағы мұнай мен газ өндірісі жөнінде пікір алмасып, аталған саланың Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері экономикасының негізін құрайтынына тоқталды.

Мемлекет басшысы еліміздің мұнай-газ саласы бойынша көмірсутектерін терең өңдеуге басымдық беріп отырғанын, осыған байланысты, Қазақстанда мұнай-химия саласындағы жобаларды дамытуға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті.

- Қазақстанда мұнай-химия саласы дамып келеді. Алдағы уақытта сіздің компаниямен аталған бағыт бойынша бірлесіп жұмыс істеуге ниеттіміз, - деді Мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны