11.11.2020, 22:14 28709

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Арменияның қақтығыс аймағындағы соғысты және барлық әскери қимылдарды тоқтау туралы келісімге келуінде Ресейдің, соның ішінде, Владимир Путиннің араағайындық қызметін жоғары бағалады.

Алматы. 11 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, Президенттер екі елдің халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара ықпалдастығы туралы пікір алмасты.

Таулы Қарабақтағы қалыптасқан жағдайға ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Арменияның қақтығыс аймағындағы соғысты және барлық әскери қимылдарды тоқтау туралы келісімге келуінде Ресейдің, соның ішінде, Владимир Путиннің араағайындық қызметін жоғары бағалады.

- Ресейдің белсенді араласуымен осыған дейінгі ұзақ жылдарға созылған қақтығыстардың бір бітімге келуін қамтамасыз ететін Таулы Қарабақтағы соғысты тоқтату туралы жасалған келісімнің маңызы зор. Мүдделі тараптар Бірлескен мәлімдеменің шарттарын сақтайды деп үміттенемін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Екі елдің Президенттері Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық және одақтастық сипатындағы байланыстарды нақтылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны