19.03.2020, 19:55 6075

Қазақстан Президенті Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

Қазақстан Президенті азаматтардың құқықтары мен қоғам мүддесін сақтаудың, уақытша шектеу шаралары кезінде заңдылықты қамтамасыз етудің маңыздылығына баса мән берді.

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады.

Қадағалау ведомствосының жетекшісі Мемлекет басшысына Төтенше жағдай кезінде еліміздегі құқықтық тәртіпті сақтау үшін қабылданған шаралар туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас прокуратурадағы және жергілікті жерлердегі іс-қимылдар мен шешімдерге дер кезінде құқықтық баға беру үшін шұғыл әрекет ету штабтары құрылғаны жайында мәлімет берілді.

Ғизат Нұрдәулетов жекелеген медициналық құрал-жабдықтарды қолдан қымбаттатуға жол бермеу, жалған және арандатушылық ақпараттардың таралуына қарсы күресу мақсатында, сондай-ақ, Төтенше жағдай режимінің бұзылуына қатысты құқық қорғау органдарының қабылдайтын шаралары туралы айтты.

Қазақстан Президенті азаматтардың құқықтары мен қоғам мүддесін сақтаудың, уақытша шектеу шаралары кезінде заңдылықты қамтамасыз етудің маңыздылығына баса мән берді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны