01.10.2020, 21:02 8610

Қазақстан Президенті Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

Президентке Ұлттық Банктің қаражаты есебінен қаржыландырылатын дағдарысқа қарсы бастамалардың орындалу барысы жөнінде мәлімет берілді.

Алматы. 1 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.

Мемлекет басшысына биылғы 9 ай ішіндегі ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындылары, Ұлттық Банктегі алтынвалюта резервтерінің жай-күйі және Ұлттық қордың активтері туралы баяндалды.

Президентке Ұлттық Банктің қаражаты есебінен қаржыландырылатын дағдарысқа қарсы бастамалардың орындалу барысы жөнінде мәлімет берілді.

Ерболат Досаев 2020 жылдың соңына дейінгі және 2021 жылға арналған Қазақстанның экономикалық дамуына қатысты болжамын ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы елдің қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны