02.10.2024, 14:59 57596
Қазақстан Президенті V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлерін марапаттады
Достарға айту
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, сондай-ақ халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Атап айтқанда, 1 адам "Парасат" орденінің және 7 азамат "Құрмет" орденінің кавалері атанды. "Ерен еңбегі үшін" медалі 85, ал "Шапағат" медалі 5 адамға берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
01.11.2024, 16:38 41311
Бектенов: Бизнеспен сындарлы диалог - инвестициялық саясаттың басым бағыттарының бірі
Дөңгелек үстел шетелдік инвесторлар кеңесі отырысының қисынды жалғасы саналатынын және бизнес-қоғамдастықпен тығыз диалог құруға бағытталған
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов Жаһандық инвестициялар бойынша VII қазақстандық дөңгелек үстелге қатысты (KGIR-2024), деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Алаңда ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, энергетика және тау-кен өндіру салалары, қаржы секторы салаларындағы жетекші халықаралық және қазақстандық компаниялар басшыларымен бірге 500-ден астам бизнес өкілі, сондай-ақ отандық кәсіпкерлік сала өкілдері, инвесторлар жиналды. Пленарлық сессия "Жаһандық инвестициялық үрдістер: болашаққа көзқарас" тақырыбына арналды.
KGIR жұмысын аша отырып, Олжас Бектенов дөңгелек үстел Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысының қисынды жалғасы саналатынын және бизнес-қоғамдастықпен тығыз диалог құруға бағытталғанын атап өтті.
Қазақстан Үкіметі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бүгінде елімізде 14 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді, онда инвесторлар үшін салықтық және кедендік преференциялар көзделген, шетелдік жұмыс күшін жалдау рәсімі жеңілдетілген, бизнес үшін әкімшілік кедергілер азайтылған. Кәсіпкерлердің мәселелерін жедел шешу үшін Үкімет жанындағы Инвестициялық штаб тұрақты негізде жұмыс істейді. Басым инвестициялық жобалар үшін рұқсат беру рәсімдерінен өтуді жеделдететін "Жасыл дәліз" немесе Fast-track тетігі іске қосылады. Отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін барынша қорғауды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалған. Мәселен, шетелдік бизнеске АХҚО-да ағылшын құқығы мен ұлттық құқықтық жүйе арасында таңдау мүмкіндігі берілді.
KGIR қатысушылары елімізде жобаларды іске асыру тәжірибесін бөлісіп, ынтымақтастықтың одан әрі келешегін атап өтті.
China Energy Investment Corporation бас директорының орынбасары Янь Гочуань энергетика саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтіп бірлескен жобалардың әлеуетіне сенім білдірді: "Біз энергетика саласында көмірді әзірлеу және экологиялық таза пайдалану, жаңа энергетика, инфрақұрылымды қолдау жөніндегі қазақстандық жобаларға белсенді қатысу үшін озық технологияларымызды, кәсіби әлеуетімізді және тамаша басқару командасын толық көлемде пайдаланатын боламыз. Біз үшін Қытай мен Қазақстан арасындағы достық ынтымақтастыққа өз үлесімізді қосу маңызды".
AstraZeneca-ның халықаралық биофармацевтика өңірі бойынша вице-президенті Нитин Капур өз сөзінде Қазақстанның Орталық Азия фармацевтикалық нарығындағы басты ойыншы ретіндегі маңызына тоқталды. Компанияның жергілікті өндірісті және инновациялық шешімдерді дамыту жөніндегі күш-жігері атап өтілді.
Қазақстан Орталық Азиядағы AstraZeneca бизнесінің локомотиві саналады және жаһандық биофармацевтикалық компания ретінде біз Қазақстан Үкіметінің өңірдегі фармацевтика өнеркәсібінің орталығына айналуға қатысты өршіл мақсатын қолдаймыз", - деді Нитин Капур.
Сондай-ақ пленарлық сессия барысында Power International Holding президенті Рамез Әл-Хаят, Fufeng Group Limited Директорлар кеңесінің төрағасы Ли Сюэчунь, ACWA Power бас атқарушы директоры Марко Арчелли, Carlsberg Group" Еуропа, Үндістан елдері бойынша атқарушы вице-президенті Ларс Леманн, Alstom компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірлері бойынша президенті Эндрю Делеони және Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) банк операциялары жөніндегі вице-президенті Маттео Патроне сөз сөйледі.
Премьер-министр еліміздің маңызы басым бағыты өнеркәсіпті дамыту екенін атап, шетелдік компанияларды қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен тығыз әріптестікке шақырды.
Қазақстан Үкіметі тұрақты және болжамды инвестициялық ахуалды қолдау үшін бар күшін салады. Жобаны іске асырудың әрбір кезеңінде инвесторлармен тікелей өзара іс-қимыл жасауға үлкен мән береміз, сіздердің құқықтарыңызды қорғауға басымдық берілген. Отандық компаниялар ірі инвесторлармен жеткізу тізбегінде жұмыс істей отырып, тәжірибе жинап, сапа стандарттарын арттыратын болады. Мультипликативті ірі инвестициялық жобалар әртараптандырылған экономикалық экожүйенің қалыптасуына ықпал ете отырып, ШОБ белдеуінің дамуына әсер етеді. Біз Қазақстандағы шетелдік өндірістердің дамуымен өнімдердегі қазақстандық қамтудың үлесін арттыруға талпынатын боламыз. Қазақстандағы кадрларды қолдау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Біз шетелдік инвесторлардың барлық деңгейде жергілікті мамандарды белсенді түрде еңбекпен қамтуын құптаймыз әрі қолдаймыз. Қазақстан Үкіметі тұрақты және болжамды инвестициялық ахуалды қолдау үшін бар күшін салады", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
KGIR-2024 қорытындысы бойынша жалпы сомасы $7 млрд болатын 32 құжат пакетіне қол қойылды, оның ішінде Премьер-министрдің қатысуымен:
Ақмола облысы әкімдігі, KAZAKH INVEST және Dalian Hesheng Holding Group арасындағы бидайды терең өңдеу бойынша құны $650 млн болатын стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, KAZAKH INVEST және CHN Energy арасындағы көмір химия өнімдерін өндіру бойынша $4 млрд-қа стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
Orhun Medical" ЖШС мен Қазақстан Үкіметі арасындағы ҚР денсаулық сақтау саласының медициналық қызметтері мен инфрақұрылымын жақсарту бойынша $80 млн-ға инвестициялық келісім;
SILK WAY ENERGY LTD" мен ҚР Үкіметі арасындағы Жетісу облысының Панфилов ауданында тәулігіне 1 000 000 нм3 қуат тұтынатын табиғи газды сұйылту зауыт салу туралы жалпы құны $305 млн-ды құрайтын инвестициялық келісім;
НК "ҚТЖ" АҚ мен "Транспортейшн Глоубэл Эл-Эл-Си" арасындағы теміржол машина жасау саласында цифрландыру мен жасанды интеллект элементтерін енгізу бойынша жобаны іске асыру туралы келісім;
Carlsberg Kazakhstan" ЖШС мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы елімізде алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу бойынша жалпы құны $100 млн базалық қағидаттар туралы негіздемелік келісім;
Шин-Лайн" ЖШС мен Қазақстан Сыртқы істер министрлігі арасындағы әлемнің жетекші компанияларының қатысуымен Алматы облысында азық-түлік кластерін құру туралы базалық қағидаттар туралы негіздемелік келісім (35 өндіріс орны пысықтауда);
Қостанай облысының әкімдігі мен "Tech Digital" ЖШС арасындағы алюминий қорытпаларынан жасалған жоғары сапалы шыбықтар мен профильдер өндіру саласындағы базалық қағидаттар туралы келісім;
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен "Hyundai Solar KZ 777" ЖШС арасындағы құны $167 млн болатын күн электр стансасын, қалдықтарды өңдеу кешенін, қоқыс жағу кешенін, модульдік жылыжай кешенін салу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум;
QazaqGaz" ҰК" АҚ мен CNPC арасындағы "Солтүстік 1" блогындағы геологиялық барлау жұмыстарының әлеуетін зерттеудің бірлескен жоспары;
Отбасы банкі" АҚ мен Азия даму банкі арасындағы елімізде инклюзивті және жасыл тұрғын үйді қаржыландыруды ілгерілету жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум.
Пленарлық сессия шеңберінде үздік инвестор-компаниялар: өнеркәсіптік, медициналық газдар және инжиниринг саласындағы Linde Gas GmbH кәсіпорны, Shin-Line азық-түлік өндірісі, KazFoodProducts дәнді дақылдарды терең өңдеу және кондитерлік өнімдерді өндіру жөніндегі компаниялар тобы, Enhun Medical денсаулық сақтау саласындағы компаниялар тобы, Jiaxin International Resources Investment вольфрам кендерін игеру жөніндегі кәсіпорын, Alstom теміржол машина жасау кәсіпорны, Zerde-Ceramics Aktobe фарфор плиткаларын шығаратын зауыт, Zharkent Starch Plant жүгері өңдеу кәсіпорны, Қазақстанның жетекші теміржол кластері Railways Systems KZ, Сarlsberg Group сыра қайнату компаниясы атап өтілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.11.2024, 16:30 41651
Астанада Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуы талқыланды
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров орталық мемлекеттік органдар басшылығы мен БҰҰ, БҰҰДБ және Еуропалық одақ өкілдерінің қатысуымен Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесінің 8-ші отырысын өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Нұрлан Байбазаров әріптестік пен тиімді өзара іс-қимыл орнықты даму мақсаттарын іске асыру үшін маңызды рөл атқаратынына тоқталды.
Өткен жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орнықты даму саласындағы мақсаттар бойынша БҰҰ саммитіне қатысты. Президент өз сөзінде ОДМ-ға қол жеткізу біз үшін ұлттық басымдық болып саналатынын атап көрсетті. Сондықтан біз әрқашан ынтымақтастық үшін ашықпыз және халықаралық серіктестеріміздің қолдауын жоғары бағалаймыз", - деп атап өтті вице-премьер.
Сондай-ақ Нұрлан Байбазаров Орнықты даму мақсаттарының қағидаттарын енгізу халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, үздік халықаралық стандарттарды қабылдауға, еліміздің халықаралық имиджін арттыруға бағытталғанын айтты.
Жиын барысында сөз алған шетелдік әріптестер республикада жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, әлеуметтік-экономикалық саланың негізгі бағыттарын одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.
Талқылау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесі БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы күн тәртібінің 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарының ұлттық индикаторларының жаңартылған тізбесін бекітті және 2025 жылғы Ерікті ұлттық шолуды дайындау жоспарын мақұлдады.
Анықтама: Орнықты даму мақсаттарын 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы кедейлік пен теңсіздікті жоюға, қоршаған ортаны қорғауға және әлем халқының әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған жаһандық іс-әрекетке шақыру ретінде қабылдады. Барлығы 17 бағыт белгіленді, оларды жүзеге асыру экономика мен әлеуметтік өмірдің негізгі бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді. ОДМ-ға қол жеткізу мониторингі БҰҰ мен ҚР Үкіметі өкілдерінің тұрақты бақылауында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.11.2024, 16:27 42006
Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берді
Достарға айту
Мемлекет басшысы күштік құрылымдарға тағайындалған лауазымды тұлғаларды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанатай Далматовты, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовті және Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеевті қабылдады.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы тиісті ведомстволардың жауапты қызмет бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.11.2024, 16:22 42211
Атырау облысында құрылыс салушы жалған шарттар бойынша 313 млн пәтер сатқан
Достарға айту
Бірнеше құрылыс салушылар қылмыстық жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Andora Construction" ЖШС-нің директоры 2020-2023 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органнан үлескерлердің ақшасын тартуға келісім алмай, 25 азаматқа жалған алдын-ала келісімдер жасау арқылы 313 миллион теңгеге пәтер сатқан.
23.10.2024 жылы Атырау қаласы №2 сотының үкімімен Серіктестік директоры аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айрылды.
Сондай-ақ, "Nazik Group" ЖШС-ніңдиректоры мен "Atameken Тұрғын Үй", "Family Town" және "Baisanat Residence" тұрғын үй кооперативінің құрылтайшысы да осыған ұқсас фактілер бойынша сотталды.
Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау негізінде ағымдағы жылы 2 құрылыс салушы компаниялары да әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі.
Бұл ретте, прокуратура органдары азаматтардың үлестік құрылыс нарығындағы құқықтарының сақталуын және олардың өз пәтерлерін уақтылы алу құқықтарының бұзылуына жол бермеуді бақылауда ұстауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.11.2024, 14:32 44301
Талғат Қуанышев "ForteBank"АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды
Достарға айту
ForteBank" АҚ Директорлар кеңесі бүгінгі отырыста Банк Басқармасының төрағасы Бекжан Пірматовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырды. "ForteBank" АҚ Басқармасының жаңа төрағасы болып бұған дейін Банктің Директорлар кеңесінің құрамына кірген Талғат Қуанышев тағайындалды. Бекжан Пірматов "Верный Капитал" компаниялар тобының құрамына басқа жұмысқа ауысады, деп хабарлайды "ForteBank" АҚ баспасөз қызметінен.
Банктің мажоритарлы акционері Болат Өтемұратов өз сөзінде: "ForteBank дамуына қосқан нәтижелі үлесі үшін Бекжан Пірматовқа алғыс білдіремін. Ол басқарған 2,5 жылдың ішінде Банк нарықтағы өз орнын нығайтты, атап айтқанда банктің кредиттік қоржыны 2 еседен астам ұлғайды, ал халықаралық рейтингтері жоспарға сәйкес өсті. Forte бөлшек бизнесті ғана емес, сонымен қатар шағын және орта бизнес және корпоративтік бизнес сегменттерін дамыта отырып, өзінің әмбебап моделін сақтап келеді",- деді.
Банктің жаңа басшының тағайындалуына қатысты өз пікірін білдірген Болат Өтемұратов, "Қазіргідей күрделі макроэкономикалық және геосаяси жағдайда ForteBank барлық сын-қатерге сәтті төтеп беріп қана қоймай, дамудың жаңа кезеңіне көтерілуі үшін, Талғат Қуанышев қаржы секторындағы өзінің мол басқару тәжірибесін пайдаланатынына сенімдімін", -деді.
Талғат Қуанышевтің Қазақстанның қаржы секторында 30 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Ол "АТФБанк" АҚ, "Банк Kassa Nova" АҚ, "АТФ Лизинг" АҚ және "ForteBank" АҚ сияқты қаржы институттарын табысты басқарған.
Мен келешекке үлкен сеніммен қараймын және бәріміз бірлесіп ForteBank-ті дамыту жолында жаңа тараудың бетін ашатынымызға күмәнім жоқ. Біздің күш-жігеріміз озық технологияларды енгізуге, банктің қаржылық көрсеткіштерін нығайтуға және клиенттерімізге қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталатын болады", - деді "ForteBank" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Қуанышев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.11.2024, 12:24 44631
Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы Алжир Президенті Әбделмәжид Теббунға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мерекесі - Революция күнімен құттықтады.
Президент бейбітшілік пен ынтымақ қағидатын берік ұстанған Алжир мемлекетінің өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ достық пен өзара түсіністікке негізделген мемлекетаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.10.2024, 16:22 72941
ЕХӘҚМ мүгедектердің білім алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасамақ
Достарға айту
Мүгедектігі бар адамдар халықтың экономикалық жағынан ең осал топтарының бірі. Мемлекет тарапынан жұмыспен қамту шаралары қабылданғанына қарамастан, елдегі мүгедектігі бар адамдардың жұмыспен қамту деңгейі 28%-ды құрайды. Ал, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде бұл көрсеткіш 60-70%-дан төмен емес. Көптеген кәсіпорын мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын сақтамайды және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді. Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында мәлімдеді.
Оның айтуынша, еңбекке жарамдылықты қалпына келтіруді, жұмысқа орналасуды немесе жаңа кәсіпке оқытуды қамтитын кәсіби еңбек оңалтуы баяу дамуда. Жұмысқа орналасудағы кедергілерге бейімделген жұмыс орындарының болмауы, тиісті білім мен тәжірибенің жеткіліксіздігі, төмен жалақы кіреді.
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру шараларын әзірлеу аясында олардың еңбек құқықтарын реттеу, сақтау және қорғау бойынша нормативтік-құқықтық база қайта қаралатын болады. Бизнеске әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілерге квотаны орындамаған жағдайда бюджетке өтемақы төлемдерін енгізу механизмі қарастырылуда", - деді спикер.
Мүгедектігі бар адамдар сапалы білім алуға қол жеткізуде қиындықтарға тап болып отыр. Бұл олардың жұмысқа орналасу және әлеуметтену мүмкіндіктерін шектейді. Мұғалімдердің ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге әдістемелік дайындығының жеткіліксіздігі, арнайы жағдайлар мен бейімделген оқу бағдарламаларының жоқтығы, сондай-ақ үздіксіз психологиялық-педагогикалық қолдаудың жетіспеушілігі байқалады.
Тұжырымдама жобасы аясында арнайы білім беру жүйесін жетілдіру, білім берудің барлық деңгейлерінде инклюзияны қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қарастырылған. Білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету шаралары шеңберінде арнайы білім беру ұйымдарында шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға арналған ерте психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерін құру жоспарлануда", - деді ведомство өкілі.
Тұжырымдама жобасындағы негізгі блок кедергісіз орта құруға арналған.
Мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру объектілер мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігінің ұлттық стандарттарын өзектендіру және біріздендіру, оларды тіршілік әрекетінің барлық салаларына енгізу үшін тиімді шаралар мен уәждеу жағдайларын жасау жөнінде жаңа шаралар қабылдауды талап етеді.
Инфрақұрылым объектілері мен көрсетілетін қызметтердің халық үшін қолжетімділігін регламенттейтін ұлттық стандарттарды енгізу орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, халыққа қызмет көрсететін ұйымдардың кедергісіз орта құру жөніндегі жұмыстарды өзектендірудің негізі болып табылады. Мемлекеттік және қоғамдық бақылау артады, оның шеңберінде барлық меншік нысанындағы объектілерді мүгедектігі бар адамдар үшін олар көрсететін қызметтердің қолжетімділігі тұрғысынан тексеру міндетті және тұрақты болады", - деді А.Ертаев.
Еңбек министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп жергілікті атқарушы органдарға жобалау құжаттамасының инклюзивтілігін, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, халықтың аз қозғалатын топтары үшін объектілердің қолжетімділігі тұрғысынан қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі құзыретті бекіту көзделеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.10.2024, 15:23 71536
Балалар суицидін алдын алмағаны үшін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары жауапкершілікке тартылды
Достарға айту
Балалар суицидін алдын алмағаны үшін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Көкшетау қаласының прокуратурасы жүргізген талдаумен жергілікті атқарушы органдардың жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жүргізілмегені анықталды.
Сонымен, балалар арасында суицид әрекеттерінің көбеюі аясында Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары басқаратын Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы оларға жол бермеу бойынша тиісті шараларды қолданбады.
Комиссияның әрекетсіздігі және облыс орталығында тұратын жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының мәселелерін шешуге формальды көзқарасы кәмелетке толмағандардың суицид әрекетін қайталауға әкелді.
Балалар суицидін алдын алу бойынша тиісті бақылаудың жоқтығы және қажетті шараларды уақтылы қолданбағаны үшін прокурорлық қадағалау шаралары арқылы Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
31.10.2024, 16:22ЕХӘҚМ мүгедектердің білім алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасамақ 31.10.2024, 15:23 71616Балалар суицидін алдын алмағаны үшін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары жауапкершілікке тартылды30.10.2024, 15:33 60271Балқашта жедел медициналық жәрдем кіші станциясы жаңа жабдықталған ғимаратқа ие болды30.10.2024, 15:30 60236Биыл 28 жас маман ШҚО-ның шалғай аудандарының медициналық құрамын толықтырды30.10.2024, 15:27 59076Еліміздің су қоймаларын су тасқыны кезеңіне дайындау туралы ақпарат
24.10.2024, 16:52 137141Татарстанда қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың ескерткіш-бюсті ашылды23.10.2024, 16:04 133821Алматыда автокөліктердің шығарындыларының улы заттарын өлшеуге арналған "Таза ауа" акциясы өтуде24.10.2024, 14:24 131151Елге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат қайтарылды - Асылов23.10.2024, 21:06 126701Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады23.10.2024, 21:00 126566Тоқаев БРИКС мемлекет басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазанға келді