09.09.2019, 20:29 20130

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы болып Ербол Нұрғалиев тағайындалды

"Тарих және құқық мұғалімі" және "экономика және бизнес магистрі" мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Нұр-Сұлтан. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы болып Ербол Нұрғалиев тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Ербол Жолдаспекұлы Нұрғалиев Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Ербол Нұрғалиев 1975 жылы 10 ақпанда дүниеге келген.

"Тарих және құқық мұғалімі" және "экономика және бизнес магистрі" мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Әр жылдары аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, аудан әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Үйленген, төрт баласы бар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны