13.01.2020, 15:59 11258

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мен Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі қайта ұйымдастырылды

2019 жылғы 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойылды.

2019 жылғы 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұлттық экономика министрлігінде Заң ҚР Президентінің жекелеген жарлықтарын, жолдауларын іске асыру үшін әзірленіп, мына мәселелерді:

- фискалдық орталықсыздандыру шеңберінде шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығының түсімдерін жергілікті бюджеттерге беруге;

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мен Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметіндегі қайта ұйымдастыруға;

- екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдарға мерзімі 90 күннен асып кеткен кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша қызмет көрсетуде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы), комиссиялар мен өзге де төлемдерді есептеуге және талап етуді белгілеуге;

- республикалық маңызы бар қалалар мен астананың құзыретін кеңейтуге;

- білім беру мекемелерін басқару және бюджеттік әкімшілендіру функцияларын аудандық деңгейден облыстық деңгейге беруді шешуге бағытталған.

Авторлар хабарлағандай, Заң арқылы 5 кодекс пен 25 заңға түзетулер енгізіледі.

Заң астананың атының өзгеруіне, бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың құзыретін кеңейтуге, сондай-ақ білім бөлімдерін басқару функциясын қайта бөлуге байланысты кейбір заңнамалық акітлердің жекелеген нормаларын сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Құжаттың мәтіні Министрліктің ресми сайтында орналастырылған https://economy.gov.kz/ru/pages/zakon-rk-o-vnesenii-izmeneniy-i-dopolneniy-v-nekotorye-zakonodatelnye-akty-respubliki.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны