04.12.2020, 23:08 5598

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды

Қарулы Күштердегі жаңа оқу жылы "Ұлы дала әскері - Тәуелсіздік тірегі!" ұранымен өтеді. Әскери бөлімдер мен мекемелердің бірінші басшылары өткізген мемлекеттік-құқықтық дайындық жаңа оқу кезеңінің алғашқы сабағы болды.

Алматы. 4 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталды.

Қарулы Күштердегі жаңа оқу жылы "Ұлы дала әскері - Тәуелсіздік тірегі!" ұранымен өтеді. Әскери бөлімдер мен мекемелердің бірінші басшылары өткізген мемлекеттік-құқықтық дайындық жаңа оқу кезеңінің алғашқы сабағы болды.

Барлық санаттағы әскери қызметшілерге армияның өткен жылдық қорытындылары мен жетістіктері жеткізілді, сондай-ақ жаңа оқу жылына міндеттер қойылды. Олардың арасында әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігін қолдау, жауынгерлік даярлық пен жеке құрамның далалық дағдысын жетілдіру, бітімгершілік қызметті қамтамасыз ету, әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жай-күйін нығайту және басқа да бірқатар әлеуметтік аспектілер бойынша мәселелер бар.

Апта бойы барлық әскери бөлімдер мен мекемелерде өткізілетін тактикалық-арнайы сабақтар ақпараттандыру жүйесінің сапасын, штабтардың үйлесімді жұмысын тексеруге, басқару органдарының, құрамалар мен әскери бөлімдердің өзара іс-қимыл деңгейін жетілдіруге бағытталады.

Қарулы Күштердің басшылығы оқу жылының басталуында барлық мәселелерді толық пысықтау қажеттігі туралы нұсқаулар берді. Пандемиямен және карантиндік іс-шаралармен байланысты шектеулер жағдайында бөлімшелердің қызметіне баса назар аудару керек.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны