17.02.2021, 19:58 12792

Қазақстан Сирия бойынша кездесуге қатысты

Тараптар келесі кездесу Нұр-Сұлтанда өтетініне сенім білдірді.
Нұр-Сұлтан. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиев қабылдаушы тараптың шақыруы бойынша ү. ж. 16-17 ақпанда Сочиде өтіп жатқан Астана форматындағы Сирия бойынша 15-ші халықаралық кездесуге қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстандық дипломаттың кездесуге келген делегация басшыларымен кездесулері өтті. Әңгімелесу барысында БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы өкілі Гейр Педерсен мен РФ Президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев Астана процесіне жоғары баға беріп, келесі кездесу Нұр-Сұлтанда өтетініне сенім білдірді", - деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны