23.06.2020, 18:55 10010

Қазақстан Әскери-әуе күштері жаңа жауынгерлік тікұшақтармен толықты

Ұшқыштар мен инженерлік-техникалық құрам тікұшақтардың осы түрлеріне теориялық және практикалық қайта оқытудан өтті.

Алматы. 23 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Әскери-әуе күштері жаңа жауынгерлік тікұшақтармен толықты.

Қарулы Күштерде жүргізіліп жатқан қайта жарақтандыру аясында су жаңа төрт Ми-35М көпфункционалды тікұшағы еліміздің батысындағы Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің авиациялық базасына келді.

Жоғары ұшу-техникалық сипаттамалары бар Ми-35М әртүрлі метеожағдайларда тиімді қолдануға мүмкіндігі бар. Негізгі аталмыш функцияларынан басқа Ми-35М тікұшағы жеке құрам мен жүктерді тасымалдау, науқастар мен жараланғандарды медицина қызметкерінің еріп жүруімен тасымалдау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Ұшқыштар мен инженерлік-техникалық құрам тікұшақтардың осы түрлеріне теориялық және практикалық қайта оқытудан өтті.

Айта кетейік, тікұшақтарды жеткізу Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігі мен "Рособоронэкспорт" кәсіпорны арасындағы шарт шеңберінде жүзеге асырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны