Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысы бойынша тегін дәрі-дәрмектерді беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі, деп
хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметінен.
Абай облысында денсаулық сақтау саласына жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында (2024 ж.) Бірыңғай дистрибьютор - "СК-Фармация" ЖШС медициналық препараттарды уақытылы жеткізбеу фактілері анықталды.
Бұл тәжірибе тегін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне және пациенттердің оларды өз қаражатына сатып алуына алып келді.
Медициналық мекемелерде нақты жағдайды жасыру үшін "жалған рецептер" жазылған. Құжаттарға сәйкес пациенттер дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген.
Талдау қорытындысы бойынша Абай облысының барлық емханаларында EGOV Mobile қосымшасының "Әлеуметтік әмиян" бөлімінде QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жүйесі енгізілді.
Қазіргі уақытта бұл дәрі-дәрмектерді алудың балама әдісі, алайда ол қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетуде.
QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жөніндегі жоба іске қосылды және барлық республика бойынша масштабталды.
2024 жылы пациенттер санының 14%-ға өсуіне қарамастан (2023 ж. - 77,6 мың, 2024 ж. - 88,8 мың), Абай облысында жазылған рецепттер санының 24,8 мыңға төмендеуі байқалады (2023 ж. - 707,6 мың рецепт, 2024 ж. - 682,4 мың рецепт).
Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жалған рецепттерді шығару, дәрі-дәрмектерді жымқыру қаупін едәуір азайтып, бюджет қаражатын үнемдейді.