20.07.2026, 09:32 25651
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы тағайындалды
Сурет: Самұрық-Қазына
Достарға айту
Елжас Мұратұлы Отыншиев "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының шешімімен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Ол Мәскеу физика-техникалық институтының "Жалпы және қолданбалы физика" мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеудегі кеңсесінде бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінің кеңесшісі болып бастады. 2009-2019 жылдары "Самұрық-Қазына" АҚ-да және оның еншілес компанияларында қызмет атқарған.
2021-2023 жылдары KIDF компаниясында басшылық лауазымдарда жұмыс істеп, инвестициялық портфельді басқаруға жетекшілік еткен.
2023 жылғы сәуірден осы уақытқа дейін "Самұрық-Қазына" АҚ-ның стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры - басқарма мүшесі қызметін атқарды. Бұл лауазымда қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да салалардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды.
2024 жылғы ақпаннан бері "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.08.2026, 15:17 101
Ербол Салихбаев Су үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Ербол Салихбаев Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды
Салихбаев Ербол Заурбекұлы 1989 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Технологиялық машиналар және жабдықтар" мамандығы бойынша, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "Су ресурстары және суды пайдалану" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы Шардара қаласындағы "Ер-Серік 2" ЖШС директорының орынбасары қызметінен бастаған. Кейін осы компанияның атқарушы директоры болды.
2014 жылы "Қазсушар" РМК-ның "Су-метрология" филиалы Автоматтандыру және есептеу бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды.
2019-2020 жылдары "Қазсушар" РМК Суармалы жерлер департаментінің басшысы болды. 2020-2022 жылдары "Қазсушар" РМК департамент басшысы, кейін Пайдалану және суды пайдалану бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін "Қазсушар" РМК бас директорының пайдалану жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.08.2026, 11:27 3571
СІМ шетелдік журналистерге Құрылтай сайлауына аккредиттеуден өту мерзімдерін еске салды
Достарға айту
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Құрылтай депутаттарының сайлауын жариялау үшін аккредиттеуге өтінім қабылдау мерзімі аяқталып келе жатқанын еске салды.
Өтінім берудің соңғы күні — 2026 жылғы 16 тамыз. Сайлау 23 тамызда өтеді.
Аккредиттеуден өту үшін шетелдік журналистер бас редактордың хатын, жарамды шетелдік паспорттың көшірмесін, толтырылған аккредиттеу нысанын, көлемі 3×4 сантиметр электрондық фотосуретті және БАҚ туралы анықтамалық ақпаратты ұсынуы қажет.
Өтінімдер accreditation@mfa.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. Хаттың тақырыбына «Kurultai Elections 2026» деп жазылуы тиіс.
СІМ шетелдік журналистер Қазақстанда кәсіби қызметін ведомство берген тұрақты немесе уақытша аккредиттеуі болған жағдайда ғана жүзеге асыра алатынын еске салды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.08.2026, 11:13 1581
Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабының» алғашқы нысаны 2027 жылғы маусымда іске қосылады
«Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жасанды интеллект пен бұлтты сервистерді дамытудың инфрақұрылымдық негізіне айналуға тиіс
Достарға айту
Павлодар облысында қуаты 50 МВт болатын «Деректерді өңдеу орталықтары алқабының» (Data Center Valley) алғашқы нысанын 2027 жылғы маусымда іске қосу жоспарланып отыр. Жобаның жүзеге асырылу барысы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте талқыланды.
Қазір құрылыс жұмыстары белсенді кезеңде. Энергетикалық орталықтар мен AI-фабрикалар ғимараттарына арналған қазаншұңқырларды қазу жұмыстары 90%-ға орындалып, іргетас қалау басталды.
2026 жылғы желтоқсанның соңына дейін деректер орталығы мен энергия блоктарының негізгі корпустарын, әкімшілік-тұрмыстық кешенді, бақылау-өткізу пункттерін және сыртқы инженерлік желілердің бір бөлігін салу жоспарланған. Іске қосу-баптау жұмыстары 2027 жылғы мамырда аяқталуға тиіс.
Жобаны электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қуаты 215 МВт қосалқы станция сатып алынды. Сондай-ақ сумен жабдықтау желілерінің жобасы әзірленіп, телекоммуникациялық инфрақұрылым жобаланып жатыр. Болашақта Data Center Valley жалпы қуатын кезең-кезеңімен 1 ГВт-қа дейін арттыру жоспарланып отыр.
Firebird AI және NVIDIA компанияларымен бірлесіп, Data Center Valley базасында жасанды интеллектіні, бұлтты технологиялар мен цифрлық сервистерді дамытуға арналған экожүйе құрылып жатыр. Сонымен қатар қосымша IT-қуаттар құру, инвесторлар мен негізгі клиенттерді тарту, жоғары өнімді есептеу кластерлерін орналастыру және бұлтты сервистерді дамыту мәселелері бойынша шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.
«Біздің бірінші кезектегі міндетіміз — алғашқы нысанның құрылысын 2027 жылғы маусымда аяқтау. Сонымен қатар клиенттер тарапынан расталған сұранысты ескере отырып, кампустың қуатын дәйекті түрде арттыруға мүмкіндік беретін инженерлік негіз құрып жатырмыз», — деді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин.
Кеңесте Cloud First Policy (Data Embassy) жобасын дайындау мәселесі де қаралды. Ол шет мемлекеттердің деректерін толық құқықтық егемендігін сақтай отырып, Қазақстан аумағында орналастыру мүмкіндігін қарастырады.
Олжас Бектенов «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жасанды интеллект пен бұлтты сервистерді дамытудың инфрақұрылымдық негізіне айналып, Қазақстанның Орталық Азиядағы өңірлік AI-хаб ретіндегі ұстанымын нығайтуға тиіс екенін атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр құрылыс жұмыстарын уақтылы орындауды қамтамасыз етуді және жаңа серіктестер тарту үшін шетелдік технологиялық компаниялармен өзара іс-қимылды кеңейтуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.08.2026, 09:52 4326
Шынар Ақпарова Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Сурет: ortcom.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Шынар Қуанышқызы Ақпарова Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды.
Осы тағайындауға дейін ол 2025 жылғы қарашадан бастап Оқу-ағарту вице-министрі қызметін атқарды.
Шынар Ақпарова 1972 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Целиноград қаржы-экономикалық техникумын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әдіскер болып жұмыс істеп, білім сапасын бақылау және қамтамасыз ету жүйесінде түрлі қызметтер атқарған.
2020-2023 жылдары Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары, 2023-2025 жылдары аталған департаменттің басшысы болды. 2025 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 18:15 11591
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушыларды қосымша аккредиттеді
Достарға айту
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына тағы 405 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.
Байқаушылар 7 шет мемлекет пен 9 халықаралық ұйымның атынан қатысады.
"Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 7 шет мемлекет пен 9 халықаралық ұйымның атынан 405 байқаушының кандидатурасы аккредиттеуге ұсынылды. Оның ішінде ТМД миссиясынан 75 байқаушы, ТМД ПАА-дан 23 кандидат, ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясынан 208 байқаушы, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясынан 23 байқаушы, Түркі мемлекеттері ұйымының миссиясынан 10 кандидат, Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының миссиясынан 22 адам, ШЫҰ миссиясынан 11 кандидат, АӨСШК-ден 9 байқаушы, Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымынан 7 адам, сондай-ақ Литва, Түркия, Грузия, Солтүстік Македония, Эстония, Нидерланд және Тәжікстаннан 17 кандидат бар", - деді ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман.
Ол халықаралық байқаушыларды аккредиттеу әлі жалғасып жатқанын және ұсыныстардың түсуіне қарай мәліметтер жаңартылатынын атап өтті.
Осылайша, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына Орталық сайлау комиссиясы 656 байқаушыны аккредиттеді.
Бүгін сондай-ақ жеті партияның төрағалары қорытынды теледебатты қашан және қайда өткізетіні белгілі болды.
Бұған дейін қазақстандықтарға Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай білуге болатыны түсіндірілген еді.
Құрылтайдың алғашқы құрамының депутаттарын сайлау 23 тамызда өтеді. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 22 тамызға дейін жалғасады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 17:01 11796
Жеті саяси партияның төрағалары 19 тамызда қорытынды теледебат өткізеді
Достарға айту
Қазақстанда тіркелген жеті саяси партияның төрағалары Құрылтай сайлауы алдындағы қорытынды теледебатқа қатысады. Пікірсайыс 19 тамызда 24KZ телеарнасында өтеді, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.
ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндік дебат өтетін алаң мен оның форматы сайлау заңнамасының талаптары ескеріле отырып айқындалғанын мәлім етті. Барлық қатысушыға тең жағдай жасау негізгі қағидаттардың бірі болмақ.
"Оларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі қандай да бір саяси партияға немесе оның кандидаттарына артықшылық бермеуге тиіс. Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұсынысы бойынша "Хабар" агенттігі" АҚ-ның 24KZ телеарнасы қорытынды дебат өткізілетін алаң болып белгіленді", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.
ОСК мәлімдеуінше, 24KZ телеарнасы техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктеріне, сондай-ақ ақпараттық қамту ауқымының кеңдігіне байланысты таңдалды.
Теледебат төрт раундтан тұрады: "Партияны таныстыру", "Оппоненттерге сұрақтар", "Көрерменден сұрақтары" және "Сайлаушыларға үндеу".
Тіркелген жеті саяси партияның төрағалары теледебатқа қатысатынын растады.
Бұған дейін қазақстандықтарға Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай білуге болатыны түсіндірілген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 15:45 12721
Қазақстан Каспий маңы елдерін теңізі деңгейінің төмендеуіне қарсы күресті күшейтуге шақырды
Сурет: Kazakhstan Today
Достарға айту
Қазақстан Каспий теңізі деңгейінің төмендеуінің жалғасып келе жатқандығына байланысты Каспий маңы елдерін өзара ынтымақтастықты күшейтуге шақырды. Бұл мәселе Иранда Каспий теңізі күніне және теңіз ортасын қорғау жөніндегі Тегеран конвенциясының күшіне енгеніне 20 жыл толуына арналған конференцияда талқыланды, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Конференцияға Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшісі Онталап Оналбаев. Қатысушылар қатарында Иранның Вице-президенті - Қоршаған ортаны қорғау ұйымының басшысы Шина Ансари, Иран Парламентінің, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпус пен БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері, сондай-ақ ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкілдері болды.
Талқыланған негізгі тақырыптардың бірі Каспий теңізі деңгейінің одан әрі төмендеуі және оның экологиялық әрі әлеуметтік-экономикалық салдары болды. Қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Каспий теңізінің одан әрі деградациясына жол бермеу жөніндегі Мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеу туралы бастамасын атап өтті.
Қазақстан гидрологиялық және экологиялық деректер алмасуды жандандыруға, бірлескен мониторингті кеңейтуге, теңіз деңгейінің өзгеру себептері мен салдарын тереңірек зерделеуге және келісілген бейімделу шараларын әзірлеуге шақырды.
Иран тарапы Каспий маңы мемлекеттерінің ынтымақтастығын нығайтуға мүдделі екенін растап, Тегеранда Тегеран конвенциясы Тараптарының жетінші конференциясын (COP7) өткізу жоспарлары туралы хабарлады.
Кездесуге қатысушылар Каспийдің бірегей экожүйесін сақтау үшін Каспий маңындағы бес мемлекеттің күш-жігерін одан әрі топтастыру қажеттігін атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 12 тамызда Каспий теңізі күні атап өтілуде. Бұл күг Тегеран конвенциясының - Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияның күшіне енуімен байланысты. Құжат осыдан 20 жыл бұрын, 2006 жылғы 12 тамызда күшіне енген болатын.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне қатысты пікір білдірген болатын. Ол теңіздің жағдайы бір ғана елдің емес, бүкіл өңірдің тағдырына қатысты екенін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.08.2026, 15:06 13211
Елімізде бизнесті қолдау орталықтары ашылады
Пилоттық жоба "Даму" қорының өңірлік филиалдарының базасында жүзеге асырылады
Достарға айту
Еліміздің бес өңірінде бизнесті қолдау және сүйемелдеу орталықтары ашылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Пилоттық жоба "Даму" қорының өңірлік филиалдарының базасында жүзеге асырылады.
"Бүгінде кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудың түрлі құралдарына қол жеткізе алады",- деп мәлім етті "Даму" қорының басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев Үкіметте өткен кеңес барысында.
Күрделі жағдайға тап болған және мәселесін шешу үшін қайда жүгіну керектігін білмейтін кәсіпкер үшін ерекше ыңғайлы орталықтардың жұмысы "бір терезе" қағидаты бойынша құрылады. Онда "Даму" қорының филиалдары базасында барлық толғандырған мәселе бойынша кеңес алуға болады. Пилоттық жоба аясында БҚСО бес өңірде - Астана, Алматы, Шымкент, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында ұйымдастырылады. Қыркүйектен желтоқсанға дейін созылатын пилоттың қорытындысы бойынша жаңа тетіктің тиімділігін бағалау жүргізіліп, жобаны еліміздің барлық өңіріне тарату туралы шешім қабылданады.
Ол қолдау орталықтарын құру кезінде "Атамекен" ҰКП проблемалық мәселелер тізілімінен 2,4 мыңнан астам ШОБ өтінішіне талдау жасалғанын, оның 600-ден астамы пилоттық жобаны іске қосу жоспарланған өңірлерден келіп түскенін атап өтті.
"Бизнес өтініштерінің негізгі бөлігі қаржыландыруға қол жеткізу, берешекті қайта құрылымдау, мемлекеттік қолдау шараларын алу, салық, өнімді өткізу, кәсіпкерлік құзыреттерді дамыту бойынша консультациялар туралы. Сондай-ақ сұраныстардың едәуір бөлігі АӨК секторына қатысты. БҚСО дәл осы бағытта жұмыс істейді. Бұл ретте орталықтардың тиімділігінің негізгі көрсеткіші өткізілген консультацияның саны емес, кәсіпкерлердің реттелген мәселелерінің үлесі болады", - деп мәлім етті Фархат Сәрсекеев.
Кеңесте орталықтарды іске қосу және жұмыс істеу тетігін пысықтау үшін мүдделі мемлекеттік, құқық қорғау органдары, қаржы реттеушілері мен "Даму" қоры өкілдері қатысатын жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.08.2026, 09:52Шынар Ақпарова Оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды 13.08.2026, 11:27 3376СІМ шетелдік журналистерге Құрылтай сайлауына аккредиттеуден өту мерзімдерін еске салды13.08.2026, 11:13 1386Павлодар облысындағы «Деректерді өңдеу орталықтары алқабының» алғашқы нысаны 2027 жылғы маусымда іске қосылады13.08.2026, 10:22 1166Алматыда жоғары дәрежелі шақыру бойынша өрт сөндіріліп жатыр13.08.2026, 12:14 1141Астанада Жастар күніне арналған Jastar Day фестивалі өтті
06.08.2026, 15:56 73476Қазақстанда шетелдік танымал тұлғалар бейнеленген саяси үдерістерге қатысты фейктердің жаңа толқыны анықталды06.08.2026, 13:30 7333116 тамыздан бастап ҮАААЖ-мен жүру құны екі есе қымбаттайды06.08.2026, 16:21 73046Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты06.08.2026, 17:55 71496СҚО ауылдарын сумен қамтуға қайтарылған активтер есебінен 2,7 млрд теңге бөлді06.08.2026, 18:38 60776"Тақтар ойынының" жұлдызы Қазақстан туралы алғашқы әсерімен бөлісті
24.07.2026, 17:33 105676АҚШ Қазақстаннан әкелінетін жекелеген тауарларға 12,5% мөлшерінде баж салығын енгізді24.07.2026, 13:01 99396Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді23.07.2026, 17:20 97971Маңғыстау облысы Қазақстан мен Өзбекстанның Өңір басшылары кеңесін қабылдауға дайындалуда17.07.2026, 23:10 97131Қазақстан БҰҰ алаңында волонтерлікті дамытудың үздік тәжірибелерін таныстырды17.07.2026, 14:41 94991ЖИ дамыту әскери бәсекеге емес, бейбітшілік қағидаттарына негізделуі қажет - Тоқаев

