01.02.2021, 20:37 14270

Қазақстан ядролық апат жағдайындағы өзара іс-қимыл туралы ТМД келісімін ратификациялады

Мемлекет басшысы "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Нұр-Сұлтан. 1 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Келісім ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің уәкілетті (құзыретті) органдары арасындағы өзара іс-қимылдың жеделдігі мен өнімділігін арттыруға, атом энергиясын бейбіт мақсаттарда пайдалануға байланысты кез келген ықтимал инциденттерге уақтылы ден қоюға бағытталған.

Сондай-ақ, "2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама" ратификацияланды. Хаттамада екіжақты, транзиттік тасымалдарға, сондай-ақ жүктерді автомобиль көлігімен үшінші елдерге және олардан тасымалдауға рұқсат беру жүйесін енгізу көзделген.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қаржы корпорациясы арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны