05.02.2021, 21:10 16207

Қазақстан жасанды интеллекттің ұлттық кластеріне 500 млрд теңге тартуды жоспарлап отыр

Қ. Тоқаевтың айтуынша, АТ-ны адамзат қауіпсіздігі мен дамуын ескере отырып, құқықтық шеңберде дамыту қажет.
Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Gрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы "Цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға серпіліс" форумы барысында Назарбаев Университетінің негізінде Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жасанды интеллекттің ұлттық кластері құрылатынын айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
 

Деректерді өңдеу орталықтары құрылуда. 500 млрд теңге инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз. ЕАЭО және өңір бойынша әріптестерді ынтымақтастыққа шақырамыз. Салық саласында блокчейн енгізіледі. Салық органдары Ресеймен цифрландыру бойынша өзара іс-қимылды жолға қойды", — деді Қ.Тоқаев.

 
Сондай-ақ, оның айтуынша, дәрі-дәрмектерді таратудың ұлттық жүйесі, құжаттар базасын электронды форматта заңды түрде тану енгізілетін болады. 
 

Мемлекеттік қызметтер проактивтілік, композиттілік қағидатын ескере отырып, яғни азаматтардың проблемаларын бір мезгілде шеше отырып жұмыс істейтін болады. Тиімділік Ұлттық ақпараттық жүйелердің үйлесімділігіне, көршілер арасындағы ақпараттың үздіксіз ағымына байланысты. Бірақ интеграция қосымша дамытуды қажет етеді", — деді Президент.

 
Мемлекет басшысы артып келе жатқан цифрлық мүмкіндіктер оларды орынды қолдану үшін жауапкершілікті көздейтінін айтты. Қ.Тоқаевтың айтуынша, АТ-ны адамзат қауіпсіздігі мен дамуын ескере отырып, құқықтық шеңберде дамыту қажет. 
 

Жаңа технологияларға байланысты жұмыс күшінің бір бөлігін босату – күрделі мәселе, шешімі әлі табылған жоқ. Бірақ мен жаңа технологиялар адамзатты кеңістіктен айырмайтынына сенімдімін", — деді Қ.Тоқаев.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны