21.08.2023, 09:56 25086

Қазақстанда 2024 жылы АЕК, ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшері қандай болмақ

Айлық есептiк көрсеткiш - 3 692 теңгені құрайды
Қазақстанда 2024 жылы АЕК, ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшері қандай болмақ

Ашық НҚА" сайтында "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы"заң жобасы көпшіліктің талқылауына ұсынылды.


Бюджетте айыппұлдар, жәрдемақы және тағы басқа әлеуметтік төлемдерді есептеуге арналған базалық көрсеткіштер де бар. Келесі көбісі өзгереді. Ал ең төменгі жалақы биылғы деңгейде қалады.

2024 жылға арналған негізгі көрсеткіштер:

1.жалақының ең төмен мөлшерi - 70 000 теңге;

2.мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері - 28 215 теңге;

3.зейнетақының ең төмен мөлшерi - 57 853 теңге;

4.айлық есептiк көрсеткiш - 3 692 теңге;

5.базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы - 43 407 теңге;

Бұдан бөлек, келесі жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша мемлекеттік жарналардың көлемі 1,9 процент болады.

Бюджет жобасы 2023 жылдың 4 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны