14.12.2022, 16:56 18821

Қазақстанда 2030 жылға дейін 1,6 мың шақырым тозған жылу желілері ауыстырылады

Қазақстанда 2030 жылға дейін 1,6 мың шақырым тозған жылу желілері ауыстырылады
Сурет: Pavlodarnews.kz
Бұл тозу деңгейі 75%-дан астам желілер, талап етілетін инвестициялар көлемі - 538 млрд теңге

Астана. 14 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Елімізде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту үшін жылу желілерін кезең-кезеңімен жаңғырту жоспарлануда, деп хабарлады Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев. Министрдің мәлімдеуінше, 2023-2037 жылдар аралығында жылу желілерін кезең-кезеңмен жаңғырту жүргізілетін болады.

Бірінші кезеңде, яғни 2023 жылдан 2030 жылға дейін ұзындығы 1,6 мың шақырым жылу желілерін ауыстыру жоспарланып отыр, бұл тозу деңгейі 75%-дан астам желілер. Талап етілетін инвестициялар көлемі - 538 млрд теңге. Екінші кезеңде, 2030-2037 жылдар аралығында тозу деңгейі 50%-дан 74 %-ға дейінгі жылу желілерін ауыстыру жоспарлануда. Мұндай желілердің ұзындығы 3,7 мың шақырымды құрайды. Талап етілетін инвестициялар көлемі - шамамен 1,2 трлн теңге", - деді Өскенбаев.


Тозу деңгейі 50%-дан төмен желілерді табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары шеңберінде ауыстыру ұсынылады. Бұл шығыстар 462 млрд теңгені құрайды.

Қазіргі таңда, ең алдымен, жергілікті атқарушы органдар жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, уәкілетті органның қарауына бюджеттік өтінімді енгізе отырып, жылу желілерінің жай-күйіне техникалық тексеру жүргізуі қажет", - деді Өскенбаев.


Бұған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы барлық ЖЭО аудиті 2023 жылдың бірінші тоқсанында аяқталатынын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Қазақстанның 17-ге жуық энергетикалық нысаны жедел жөндеуді қажет етеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны