11.09.2026, 13:09 68784 / 12897

Қазақстанда адам саудасына қатысты 85 факті анықталып, 145 радикалды идея ұстанушы елден шығарылған

Қазақстанда адам саудасына қатысты 85 факті анықталып, 145 радикалды идея ұстанушы елден шығарылған
Сурет: ЖИ
Жыл басынан бері Қазақстанда адам саудасына қатысты 85 факті анықталып, тоғыз заңсыз көші-қон арнасы жойылған. Сондай-ақ, радикалды идеяларды ұстанушы 145 шетелдік анықталып, ел аумағынан шығарылды, деп мәлім етті Қазақстан ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымы елдері ішкі істер министрлерінің кездесуі қорытындысы бойынша.

Кездесуде трансұлттық қылмысқа, экстремизм мен терроризмге, адам саудасына және заңсыз көші-қонға қарсы күрес мәселелері талқыланды.

ІІМ мәліметінше, қылмыстық топтар мигранттарды заңдастыру үшін жалған жұмысқа орналастырып, тұрғылықты жері бойынша тіркейді және де жалған шақыру рәсімдерін пайдаланады.

"Қылмыстық топтар мигранттарды заңдастырудың түрлі схемаларын пайдаланады - жалған жұмысқа орналастыру, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, жалған шақырулар жасау. Мұндай схемалар көбіне бір елдің шегінен шығып кетеді, сондықтан оларға қарсы бірлесіп іс-қимыл жасау қажет", - деді Қазақстан ішкі істер министрі Ержан Сәденов.


Басқа елдермен бірлескен жұмыстың да нәтижелері бар. Бакуде Қазақстанның сұрауы бойынша бірқатар қылмысқа қатысы бар діни радикал ұсталды. Өзбекстанда терроризмді насихаттағаны және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысқаны үшін іздеуде жүрген адам, ал Қырғызстанда әлеуметтік араздық қоздырғаны үшін іздеуде болған тұлға ұсталды. Түркия құқық қорғау органдарының көмегімен Ыстамбұлда жасалған Қазақстан азаматын өлтіру қылмысы да ашылды.

Кездесу қорытындысы бойынша делегациялар басшылары бірлескен коммюникеге қол қойды. Елдер жедел ақпарат алмасуды жеделдетуге және бейінді қызметтердің тікелей өзара іс-қимылын күшейтуге уағдаласты.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Түркия реадмиссия туралы келісімге қол қойды. Құжат екі мемлекет аумағында болуға заңды негіздері жоқ адамдарды қайтару тәртібін айқындайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны