07.08.2020, 18:50 5739

Қазақстанда алғаш рет сынақ зертханасына қашықтан бағалау жүргізілді

Аккредиттеу кезінде қашықтықтан бағалау әдістемесі қазіргі заманғы телекоммуникациялық жүйелер (онлайн) арқылы зертхананы қашықтықтан тексеруді жүргізуді, зертханалық үй-жайларды тексеруді жүзеге асыруды, персоналдың құзыреттілігін бағалауды болжайды.

Алматы. 7 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда алғаш рет сынақ зертханасына қашықтан бағалау жүргізілді.

Сауда және интеграция министрлігінің Ұлттық аккредиттеу орталығы алғаш рет сынақ зертханасына қашықтан бағалау жүргізді. Зертханасы "қашықтан" аккредиттеу алған алғашқы кәсіпорын "Т. И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС" АҚ болды.

Аккредиттеу кезінде қашықтықтан бағалау жүргізу қағидалары мен рәсімдері ILAC-IAF аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын ескере отырып, шілде айының басында ҚР СИМ ҰАО әзірленді. Бүгінгі таңда қашықтан (алшақтан) бағалауды Ұлыбритания, Италия, АҚШ, Парсы шығанағы елдері және т.б. аккредиттеу жөніндегі шетелдік органдар қолданады.

Аккредиттеу кезінде қашықтықтан бағалау әдістемесі қазіргі заманғы телекоммуникациялық жүйелер (онлайн) арқылы зертхананы қашықтықтан тексеруді жүргізуді, зертханалық үй-жайларды тексеруді жүзеге асыруды, персоналдың құзыреттілігін бағалауды болжайды.

Сонымен, "Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС" АҚ зертханасын бағалау кезінде ГРЭС зертханасының мамандары үлгілерге бақылау сынақтарын жүргізді, онлайн конференция барысында ҰАО қызметкерлерімен аспаптарды калибрлеуді көрсетті, бұлтты қойма арқылы аккредиттеу кезінде талап етілетін барлық құжаттарды көрсетті. Ұлттық аккредиттеу орталығының сарапшылары зертхананың менеджмент жүйесін бағалады, зертханашылардың техникалық құзыреттілігін және халықаралық стандарт талаптарының сақталуын растады. Аккредиттеу сәтті аяқталғаннан кейін ГРЭС зертханасы аккредиттеу аттестатын алады.

ГРЭС сынақ зертханасы шығарындылар бойынша нормаларды сақтауды қоса алғанда, станцияның технологиялық процесінің қауіпсіздігін зерттеуді қамтамасыз етеді. Зертхананы аккредиттеу оның осындай зерттеулерді жүргізу үшін барлық талаптарға толық сәйкестігін және олардың нәтижелерінің сапасына кепілдік беруді білдіреді.

Қашықтан бағалау мамандардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірместен жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл қиын уақытта өте маңызды.

Анықтама. "Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС" АҚ қызметінің негізгі түрі - электр және жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және сату. ГРЭС-те қуаты 200 МВт блоктар үшін бастапқы будың өнімділігі 640 т/сағ болатын ПК?47-3 үш қазандығы жұмыс істейді. ГРЭС Оңтүстік Қазақстанның тұтынушыларын тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді және оңтүстік өңірлерде күзгі-қысқы кезеңде электр энергиясының тапшылығын жабады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны