28.08.2024, 18:38 118456

Қазақстанда бензинді сыртқа шығаруға және алманы автокөлікпен әкелуге тыйым салынды

Қазақстанда бензинді сыртқа шығаруға және алманы автокөлікпен әкелуге тыйым салынды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

27 тамызда Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен Сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.

Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді назарға ала отырып, талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан аумағынан бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ Қазақстан аумағына алма әкелуге тыйым салу мәселесі қаралды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биылғы жылы алманың жалпы жиналуы 300 мың тонна деңгейінде болжануда. Жеміс-жидек өндірісінің мұндай көлеміне өткен жылдары бағбандық өсіру үшін көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларының арқасында қол жеткізілді. 2024 жылы алма бақтарының толық жеміс беруі және өнімділікті 18%-ға арттыру күтілуде, бұл ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етеді. Талқылау қорытындысы бойынша жыл соңына дейін Қазақстан аумағына үшінші елдерден автомобиль көлігімен алма әкелуге уақытша тыйым салу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ ВАК отырысында бірқатар тауарға экспорттық кедендік баж салығын енгізу жөніндегі ұсыныстар қаралды. Шикiзат тауарларын iшкi қайта өңдеудi ұлғайту және отандық кәсiпорындарды бюджеттiң кiрiс бөлiгiн ұлғайтатын шикiзатпен жүктеу мақсатында Қаржы министрлігi белгiлi бiр шикiзат тауарларына ЭСА белгiлеу жөнiнде ұсыныс енгiздi. Талқылау қорытындысы бойынша Қаржы министрлігінің ұсыныстарын салалық мемлекеттік органдар "Атамекен" ҰКП және мүдделі қауымдастықтармен бірге жаңа салық кодексінің ережелерін ескере отырып пысықтайды деген шешім қабылданды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны