08.11.2019, 18:29 12110

Қазақстанда бірнеше күн ішінде интернет-пайдаланушыларға қатысты 50-ге жуық алаяқтық анықталды

"Anti-Fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді.Екі күндік операция жүргізу барысында осындай 104 құқық бұзушылық, оның ішінде интернет-пайдаланушыларға қатысты 46 алаяқтық, 18 авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу, ақпараттандыру және байланыс саласында 13 құқық бұзушылық, 12 ІТ-технологияларды пайдаланы отырып жасалған ұрлық, 9 порнографияны және арнайы техникалық құралдардарды таратудың 6 фактісі анықталды.

Нұр-Сұлтан. 8 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда бірнеше күн ішінде интернет-пайдаланушыларға қатысты 50-ге жуық алаяқтық анықталды.

Ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу және ашу, сондай-ақ еркін айналымда тыйым салынған өнімдерді заңсыз даярлайтын, көбейтетін және тарататын адамдарды анықтау үшін "Anti-Fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді.

Екі күндік операция жүргізу барысында осындай 104 құқық бұзушылық, оның ішінде интернет-пайдаланушыларға қатысты 46 алаяқтық, 18 авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу, ақпараттандыру және байланыс саласында 13 құқық бұзушылық, 12 ІТ-технологияларды пайдаланы отырып жасалған ұрлық, 9 порнографияны және арнайы техникалық құралдардарды таратудың 6 фактісі анықталды.

Полициямен еркін айналымда тыйым салынған мыңнан аса өнім алынды, операцияға даярлық барысында 140 бұрын жасалған интернет-алаяқтық ашылды.

Мәселен, Алматы қаласында Жамбыл облысының тумасы ұсталды, ол сауда интернет-алаңдарында автобөлшектерді сату және жеткізу туралы жалған жарнамалар орналастырып, ақшаны банктік карточкалармен алып, кейін жарнамаларды жойған және абоненттік нөмірін ажыратқан. Қазіргі уақытта оған алаяқтықтың осындай 10-нан аса фактісі дәлелденді.

Соңғы жылдары Интернет желісін алаяқтық мақсатында пайдалана отырып жасалатын құқықбұзушылықтардың саны өсуде. Адамдарды алдау үшін алаяқтар әлеуметтік желілерді, сауда интернет-алаңдарын пайдаланады, жалған интернет-дүкендер, "фейктік" (жалған) парақшалар және сайттар құрады.

Осыған байланысты, ІІМ қауіпсіздік шараларын еске салады:

-құпия сөздерді үнемі ауыстырып отырыңыздар, олар күрделі болуы қажет;

-төлем жүйелеріндегі барлық қауіпсіздік жүйелерін қосыңыздар: смс растау, ІР-мекенжайларды қадағалау, 3D-secure және т.б.;

-картаны қараусыз қалдырмаңыздар, өз деректеріңізді ешкімге бармеңіздер, өйткені пластикті картадан ақшалай қаражат алу үшін картаның нөмірін және CVV-кодын (картаның артындағы соңғы үш сан) білген жеткілікті;

-Картаны мобилді банк қызметіне қосыңыз.

Банктер және төлем жүйелері ешқашан хат жолдамайды және олардың қызметкерлері өз клиенттеріне олардың шоттарының деректерін жолдау туралы өтінішпен қоңырау шалмайтынын есте сақтау қажет.

Ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу және ашу бойынша жұмыс жалғасуда.

Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаменті

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны