14.08.2026, 13:53 40986

Қазақстанда егін жинау науқаны басталды

Қазақстанда егін жинау науқаны басталды
Сурет: Depositphotos
Биылғы жиым-терім қарсаңында премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен күзгі егіс жұмысы бойынша жедел штаб отырысы барысында егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталғаны мәлім болды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

"Еліміздің көп өңірінде егін жинау жұмысы жүргізілуде. Жиын-терім науқаны тамыздың үшінші он күндігінде басталады",- деп мәлім етті Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова.


Биыл жалпы жиналатын егіс алқабы 24,2 млн гектар болса, оның 15,6 млн гектары дәнді және бұршақты дақыл. Бүгінде 1,9 млн гектар немесе 12,5% алқаптан дәнді дақыл жиналды. Салыстыру үшін айтатын болсақ, өткен жылы осы кезде 1 млн га немесе 6,1% өнім жиналған. Егін жинаудың ертерек басталуы жаздың әдеттен тыс ыстық болып, дақылдың тез пісуіне байланысты. Бұл ретте дәнді дақылдың өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда жоғары: бір жыл бұрынғы 14,8 ц/га-ға қарағанда орта есеппен 16,4 ц/га. 3,2 млн тонна астық жинақталған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны