11.09.2026, 14:38 67527 / 12661

Қазақстанда электр энергиясы тарифтерін есептеу тәртібі өзгертілді

Қазақстанда электр энергиясы тарифтерін есептеу тәртібі өзгертілді
Қазақстанда электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту ережелері өзгертілді. Тиісті бұйрыққа Энергетика министрі 7 қыркүйекте қол қойды.

Құжатта тариф қалыптастыру кезінде ескерілетін шығындар тізбесі нақтылаған. Оған отын және оны тасымалдау шығындары, еңбекақы төлеу, салықтар, амортизация, жөндеу жұмыстары, диспетчерлеу және электр энергиясын теңгерімдеу шығындары енгізілді.

Сондай-ақ, тарифтерді түзету тәртібі де өзгертілді. Шығындардың болжамды өсуі жағдайында энергия өндіруші ұйымдар 1 қыркүйекке дейін уәкілетті органға есептеулер мен растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Ағымдағы жылы шығындардың нақты өсуі болған жағдайда тарифті түзету туралы өтінішпен бір реттен артық емес жүгінуге болады.

Бұдан бөлек, электр станциялары жыл сайын 31 наурызға дейін өткен жылдағы шығындар, электр энергиясын өндіру және өткізу көлемдері туралы мәліметтерді ұсынатын болады.

Бұйрық 2026 жылдың 21 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны