04.11.2024, 12:48 72766

Қазақстанда IT-мамандарға арналған жаңа виза түрі іске қосылды

Қазақстанда IT-мамандарға арналған жаңа виза түрі іске қосылды
Цифрлық даму министрлігі халықаралық мамандарды тарту және Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуға бағытталған Digital Nomad Visa (DNV) бағдарламасының іске қосылғаны туралы жариялайды. Бұл виза әлемнің түкпір-түкпіріндегі мамандарға Қазақстанда заманауи цифрлық қызметтер мен жоғары деңгейлі жайлылықты пайдалана отырып, өмір сүру және жұмыс істеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметінен.

Digital Nomad Visa IT-мамандарға арналған, Қазақстанды қашықтан жұмыс істеуге ыңғайлы хаб ретінде ұсынады. Бағдарлама жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік, озық цифрлық қызметтер және бизнесті жүргізудің жеңілдігі маңызды кәсіби мамандарды тартуға бағытталған.

Digital Nomad Visa артықшылықтары:

- Икемді визалық режим: Визаны беру және ұзарту рәсімдерінің жеңілдетілуі.

- 5G және спутниктік байланысқа қолжетімділік: Ел аумағында тұрақты байланыс қамтамасыз етілген.

- Жергілікті мәдениетпен интеграция: Бейімделуге, тұрғын үй іздеуге және кәсіби байланыстар орнатуға көмек көрсету.

- Мемлекеттік қолдау: Бизнесті жеңілдету және инновациялық жобаларға қатысу мүмкіндігі.

Digital Nomad Visa - Қазақстанды цифрлық көшпенділер үшін халықаралық орталыққа айналдыруға бағытталған маңызды қадам. Бағдарлама жұмыс істеуге ыңғайлы жағдайлар мен жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етеді, бұл инновациялық экожүйелерді дамытуға және әлемнің түкпір-түкпіріндегі мамандармен тәжірибе алмасуға ықпал етеді",- деп Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев атап өтті.


Digital Nomad Visa бағдарламасы қазірдің өзінде қолжетімді және Қазақстанда жұмыс істеуге және өмір сүруге бірегей мүмкіндіктер береді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны