15.05.2025, 13:48 94316

Қазақстанда киіктердің төлдеу кезеңі басталды

Қазақстанда киіктердің төлдеу кезеңі басталды
Қазақстанда киіктердің төлдеу кезеңі басталды, деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметінен.

Киік - Қазақстан даласының ежелгі тұрғындарының бірі. Бүгін әлемдегі киіктердің 98%-дан астамы Қазақстанда мекендейді.

Мамыр айының басында Бетпақдала, Үстірт және Орал популяцияларының мекендеу аумақтарында киіктердің төлдеу кезеңі басталды. Осы кезеңде "Охотзоопром" РМҚК инспекторлары төлдеу жаппай жүріп жатқан жерлерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.

Киіктердің төлдеу кезеңі мамыр айының соңына дейін жалғасады деп болжанады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны