03.03.2020, 22:58 6762

Қазақстанда әлеуметтік карталарды енгізу мәселелері талқыланды

Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік ID-карталар бірқатар елдерде пайдаланылады. Мысалы, Австрияда, Эстонияда, Малайзияда, Италия мен Ресейде адамдар әлеуметтік төлемдер мен арнайы пластикалық карталар арқылы жәрдемақы алады.

Алматы. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда әлеуметтік карталарды енгізу мәселелері Еңбекминінде талқыланды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде вице-министр Ерлан Әукеновтің төрағалығымен Қазақстанның барлық өңірлерінде әлеуметтік ID-карталарды енгізу мәселесі бойынша облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдіктерімен селекторлық кеңес өтті.

Бүгінгі таңда әлеуметтік карталар Ақтөбе, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында енгізілген. Олар жол ақысын төлеуге, атаулы әлеуметтік көмек, кепілдік берілген әлеуметтік топтама және басқа да әлеуметтік қызмет түрлерін алуға мүмкіндік береді.

Мысалы, Ақтөбеде "Қазпошта" АҚ банк картасы негізінде 40 мыңнан астам әлеуметтік карта шығарылды. 6 ай ішінде ақша айналымы 841 млн теңгені құрады. Карталардың иелері мектеп асханаларында тамақтануға, жолақысын төлеп, тегін рецепт бойынша дәрі-дәрмек ала алады.

Нұр-Сұлтанда Astra бірыңғай көлік картасы жұмыс істейді. 1,5 млн картаның 120 мыңы оқушыларға, 135 мыңы азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін шығарылды. Орташа айлық ақша айналымы 1,5 млрд теңгені құрайды. Бірыңғай мектеп картасын пайдалана отырып, қала оқушылары Bala pay және Feeb me электрондық жүйелері арқылы тамақтануды төлеуге мүмкіндігі бар.

Алматыда бұл жүйе "Оңай" көлік картасының базасында жұмыс істейді. 2,9 млн. шығарылған картаның 333 мыңы - мектеп оқушыларына, 422 мыңы - студенттерге арналған және 241 мыңы - жеңілдікті, олар бойынша орташа айлық айналым 2 млрд.теңгені құрайды. "Оңай" карталарының иелері қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлей алады, музейлерге, кітапханаларға, киноға билеттер сатып ала алады, мәдени іс-шараларға қатыса алады. Алматыда мектеп асханаларында тамақтануды төлеу мүмкіндігін енгізу жоспарланып отыр.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтің айтуынша, ID-карталардың мүмкіндіктері кеңейтіледі. Ардагерлер, зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, табысы аз және көпбалалы отбасылар негізгі нысаналы топтар болады. Әкімдіктер өнім берушілерді өздері таңдайды. Қазіргі уақытта 13 өңір кіммен жұмыс істейтінін анықтады.

Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік ID-карталар бірқатар елдерде пайдаланылады. Мысалы, Австрияда, Эстонияда, Малайзияда, Италия мен Ресейде адамдар әлеуметтік төлемдер мен арнайы пластикалық карталар арқылы жәрдемақы алады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны