07.12.2022, 10:42 10711

Қазақстанда қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қорын құру жоспарлануда

Қор қызметінің негізгі мәні отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржылық қолдау және қорғаныс-өнеркәсіп кешені ұйымдарын жаңғырту болып белгіленеді
Астана. 7 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі "Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қоры" акционерлік қоғамын құру туралы" Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Ашық НҚА сайты.

Қор қызметінің негізгі мәні отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді қаржылық қолдау және қорғаныс-өнеркәсіп кешені ұйымдарын жаңғырту болып белгіленеді, делінген жобада.

Қордың жарғылық капиталын қалыптастыруға 2022 жылға көзделген республикалық бюджеттен 153 150 000 (бір жүз елу үш миллион бір жүз елу мың) теңге бөлу қажет, делінген түсіндірме жазбада.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны